«ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымға Ауыл шаруашылығы министрінің сөзі

  Текст Слайдтар

Сәлемдесу сөзі

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің қысқаша сипаттамасы (агроөнеркәсіптік кешеннің соңғы 10 жылдағы даму қорытындылары);

Құрметті депутаттар! Құрметті Парламенттік тыңдалым қатысушылары!

Бүгін агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордың қалыптасуы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді.

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды (нақты мәнде).

Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59%-ға ұлғайып, 2,0 млрд. АҚШ долларынан асты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн. АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167,0 млрд. теңгеге немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды.

Алайда, отандық агроөнеркәсіптік кешен әлеуеті анағұрлым жоғары. Бұған қоса, өніміміз көпшілік жағдайда еуразиялық нарықта тең дәрежеде бәсекелеседі. Бұл жақсы, алайда, мұнда осы бәсекелесетін өнім өндірісін көбіне Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкіметтері субсидиялайтынын атап кеткен жөн, яғни, шын мәнінде, мемлекеттік қолдаудың бір-бірімізге тигізер тиімділігін төмендетудеміз немесе басқаша айтқанда, саудалық текетірестерді қаржыландырудамыз.

Еларалық мамандануды айқындап, мемлекеттік қолдауды үйлестіру арқылы біз осы проблемалардан аулақ болып, елдеріміз үшін барынша басым салаларды дамытуға күш жұмылдырар едік. Перспективалылық ең алдымен табиғи-климаттық жағдайларға негізделуі тиіс. Бұл ретте, біз мемлекеттік қолдауды сары себеттен жасыл себетке ауыстыруды жалғастыруды ұсынамыз.

Осы бағытта бүгінгі күні қандай жұмыс атқарылды!

1-слайд

Титулдық парақ

2-слайд (Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі)

3-слайд (Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспорты мен импорты)

4-слайд (Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі)

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданған шаралар (не істелді? Негізгі бастамалар)

«Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес 2011 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау 68,1 млрд. теңгеден 2016 жылы 176 млрд. теңгеге немесе 2,6 есеге өсті.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар бюджетіне берілген агроөнеркәсіптік кешенге арналған шығыстар үлесінің айтарлықтай ұлғайғанын (2011 жылғы 32 млрд. теңгеден 2016 жылы 153 млрд. теңгеге немесе 4,7 есеге) атап өту керек.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізілуде, тиімді субсидия түрлерінің нормативтері жоғарылап, тиімсіз нормативтер төмендеуде.

Бұл, әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі кезінде Қазақстан өзіне бірқатар міндеттемелер, оның ішінде ауыл шаруашылығы бойынша міндеттемелер алған қазіргі уақытта қажет-ақ.

5-слайд

(Мемлекеттік қолдау)

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі кезінде мемлекеттік қолдау жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 8,5%-ы деңгейінде сақталып қалды;

Сонымен бірге, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 8,5%-ы деңгейіндегі тікелей инвестициялар («сары себет») түрінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын қолдану бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Салыстыра кетсек, Дүниежүзілік сауда ұйымына жуырда кірген Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдова, Хорватия, Грузия елдері ауыл шаруашылығын 5 % шегінде субсидиялайтын болады.

Бұл ретте, «жасыл себет» шеңберіндегі мемлекеттік қолдау көлемін қандай да бір шектеулерсіз беруге болады, яғни, аграрлық сақтандыруды қолдауға, ғылымға, консалтингке, ветеринарияға, фитосанитарияға, инфрақұрылымдық жобаларға, әлеуметтік қамтамасыз етуге және өнімнің түпкілікті құнына әсер етпейтін өзге де шараларға арналған шығыстар мүлдем лимиттелмегенін атап өткен жөн.

6-слайд (Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі)

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу жүйесі жетілдірілді;

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу жүйесі жетілдірілді.

Жалпыға ортақ салық салу режимі қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар мен шаруа (фермер) қожалықтарына өсіп кеткен салықтық жүктемені нивелирлеу үшін еңбекақы қоры бойынша қосарланған шегерім жүргізу, әлеуметтік салық мөлшерлемесін 6,5%-ға дейін төмендету, қосылған құн салығын төлеу кезінде 70%-дық жеңілдік алу және мүлік, көлік салығын төлеуден босатылу құқығы берілген. Сонымен қатар, барлық шаруа (фермер) қожалықтары үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу бірыңғай жер салығы құрамына қосылды.

Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтың әрбір мүшесінің дайындаушы ұйымдарға ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кірісі 24 еселенген ең төменгі еңбекақы мөлшері шегінде жеке табыс салығынан босатылды.

3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін кейбір жеңілдіктерді қолдану жөніндегі заңнамалық шектеулер қосылған құн салығы бойынша 70%-дық жеңілдікті тері мен жүнді өңдеуге де қолдану, заңды тұлғаларға және басқа заңды тұлғаларда үлесі барларға арнайы салық режимін қолдануға салынған тыйымды алып тастау, тірі ірі қара малды импортқа арналған қосылған құн салығы есепке алына отырып төленетін тауарлар тізбесіне қосу арқылы шешілді.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимінің тартымдылығы арттырылды.

Жалпы, бұл жаңалықтардың барлығы көбіне жерді ұтымды пайдалану, тауарларды өткізу, аграрлық азық-түлік нарығының айтарлықтай бөлігін көлеңкелі айналымнан шығару мәселелерін шешеді.

7-слайд (Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру)

Өндіріс мәдениеті (технологиялылық, етті экспорттау жобасы, ғылыми қамтамасыз ету, агроқұралымдардағы өндіріс, өндірістің әртараптандырылуы) жолға қойылды;

Асыл тұқымдық іс үшін кедергілер жойылды және селекциялық жетістіктер нарығы ырықтандырылды;

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласында өндіріс мәдениеті жолға қойылды.

Мал шаруашылығында ең алдымен ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы сәтті іске асырылып жатқанын атап кеткен жөн, бұл сиыр еті өндірісінің қажетті технологиялық тізбегін құруға және жаңа экспорттық бағытты ілгерілетуге мүмкіндік берді.

2011-2015 жылдар кезеңінде аталған жоба шеңберінде республикада жеке инвестициялар мен мемлекеттік қолдау есебінен 180,0 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдары жүйесі құрылды, ірі қара малды өсірумен айналысатын 10 мыңнан астам фермерлік шаруашылықтар қатысады. Нәтижесінде 2015 жылы 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері, оның ішінде 6,4 мың тоннадан астам жаңа салқындатылған сиыр еті экспортталды.

Бұдан басқа, асыл тұқымды мал саласын кері реттеуді көздейтін асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнама жетілдірілді.

Мәртебе асыл тұқымдық шаруашылыққа емес, тікелей асыл тұқымды жануарға беріледі. Қызметті республикалық палаталар реттейді. Ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталармен қатар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша республикалық палаталар құрылатын болады.

Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыру нәтижелерін атап өту қажет, егер, 2011 жылы бидайға арналған егіс алаңы шамамен 66%-ды (13,8 млн. га) құраған болса, 2015 жылы бұл алаңдар 56%-ға (11,7 млн. га) дейін қысқарды. Бұл ретте майлы дақылдардың егіс алаңдарын 11%-ға, жемдік астық, жарма мен бұршақ дақылдар алаңдарын 36%-ға, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңдарын 12%-ға кеңейтуге және тиісінше, мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтуға, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге ықпалын ететін өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемдерін ұлғайтуға қол жеткізілді.

Басым дақылдар өндірісінің өсімі шетелдік инвесторлардың аталған бағыттарға қызығушылығын арттырды. Мысалы, «ЭФКО» және «Сиань Айдзю» компаниялар тобы сияқты трансұлттық компаниялар майлы дақылдарды өңдеу жөніндегі зауыттарды салуды жоспарлауда. Екінші жоба бойынша қазақстандық «Total impex» ЖШС компаниясы серіктес болып табылады. «МЭЗ-СКО» ЖШС және «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ сияқты отандық өндірушілердің де осыған ұқсас ниеттері бар.

8-слайд (Ірі қара мал етінің экспортты әлеуетін дамыту жобасы)

9-слайд (2009-2016 жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру)

Ветеринария мен фитосанитария жүйесі жаңғыртылды

Ветеринария мен фитосанитария жүйесі жаңғыртылды.

Ветеринария саласында Халықаралық эпизоотиялық бюро мақұлдаған ветеринария қызметін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы алғаш рет әзірленіп, қабылданды.

Ветеринариялық жүйе институционалдық тұрғыдан нығайтылды (республикалық деңгейде де, жергілікті деңгейлерде де);

Ветеринариялық ұйымдарды (және ветеринариялық зертханаларды) материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша шаралар қабылданды;

Республиканың 9 облысы бойынша вакцина қолданылмайтын аусылдан таза ел мәртебесі берілді, бұл осы облыстарға жануарлар мен ауыл шаруашылығы өнімін кедергісіз экспорттауға мүмкіндік береді.

Фитосанитария саласында отандық карантинге жатқызылған өнімді сыртқа нарықтарға ілгерілету үшін Қазақстан зиянды организмдердің енуі мен таралуын   болдырмау, карантиндік объектілердің бар-жоғы мен таралуы туралы мәліметтер алу бойынша бірлескен және тиімді іс-қимылдарды қамтамасыз ететін Еуропа мен Жерорта теңізінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұйымымен және Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенциямен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Кеден одағы шеңберінде Ресей мен Беларустың фитосанитариялық талаптары жеңілдетілді, ол кеден аумағы мен кедендік шекарадағы карантиндік фитосанитариялық бақылаудың (қадағалаудың) бірыңғай тәртібін жүзеге асыру жөніндегі бірыңғай талаптарды қолдануды қамтамасыз етуге, өсімдік шаруашылығы өнімінің орнын ауыстыру кезіндегі кедергілерді алып тастауға мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы Хатшылығымен, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық арқылы өзара іс-қимыл жасасады.

Жалпы, жоғарыда аталған шаралар республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз етуде, бұған отандық ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығы өнімін жеткізуге үшінші елдер тарапынан тыйым салынбауы куә.

10-слайд (Ветеринарияның заманауи жүйесі құрылды)

11 слайд (Фитосанитария жүйесі жаңғыртылды)

Ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кедергілер   жойылды;

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірігуіне тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау үшін 2015 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңға және оған ілеспе заңға қол қойды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Заңдар өнімдерді өткізу, өндіріс құралдарын сатып алу, ауыл шаруашылығы техникасына және білімді таратуға қол жеткізу мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперациясы үшін жағдай жасауға бағытталған. Ауыл шаруашылығы кооперациясының артықшылықтарына өндіріске арналған шығыстарды ықтимал үнемдеуді, өткізу нарықтарына қол жеткізу есебінен табысты арттыруды жатқызуға болады.

12-слайд (Ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кедергілер жойылды)

Органикалық өнім өндірісін дамыту үшін жағдайлар жасалды;

Қазақстан үшін дамудың перспективалы экспорттық бағыттарының бірі   органикалық өнім болып табылады. Оны дамытуға жағдай жасау үшін өткен жылы «Органикалық өнім өндіру туралы» Заң қабылданды, ол аталған өнімді ішкі нарықта реттеуге, оның экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
13-слайд (Органикалық өнім өндіру туралы заң қабылданды)
Өткізу нарықтары

Құрылған Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы өткізу нарықтары проблемаларының шешімі болып табылады, ол 5 елдің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2.2 трлн. АҚШ долларынан асатын, 180 млн. халқы бар тауар нарығында сауда жасауға мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақта агроөнеркәсіптік кешен өнімінің жалпы импорты 44,0 млрд. доллардан астам соманы құрайды.

Сонымен қоса, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты ауыл шаруашылығының экспортқа бағытталған өндірісін дамыту үшін ауқымды мүмкіндіктер туады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ет пен сүт саласына стратегиялық инвесторлар тарту және ет саласының әлемдік нарығында көшбасшы болып табылатын ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндетті орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру туралы тиісті бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Осындай компаниялардың бірі қытайлық «Rifa Holding Group» трансұлттық корпорациясы болып табылады, ол «Еуразия агрохолдинг» компаниясымен бірге Шығыс Қазақстан облысында ет кластерін құру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Актеп» ЖШС мен италияндық «Inalca Eurasia» компаниясы республиканың үш облысында жалпы қуаты бір уақытта 44 мың басты бордақылайтын бордақылау алаңдарын салу үшін тігінен интеграцияланған компания құруды, сондай-ақ ет комбинатының қуатын 20 мың тонна ет және ет өнімдеріне ұлғайта отырып, жаңғыртуды көздейтін инвестициялық келісімге қол қойды. Инвестиция көлемі 100 млн. долларды құрайды. Сондай-ақ компания қазақстандық ет брендін жасауға және оны Еуропа елдері мен Ресейге экспорттауды қамтамасыз етуге ниетті.

 

Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға

кедергі келтіретін проблемалық

мәселелер

Сонымен қатар, экономиканың аграрлық секторында шешілмеген проблемалар әлі де аз емес екенін атап өткен жөн. Оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі уақыт талаптарына толықтай сәйкес келе бермейді.

Қалыптасып отырған жағдай себептерінің бірі«Агробизнес-2020» бағдарламасының құралдарын жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады. Мәселен, 2013 жылы жеткіліксіз қаржыландыру қөлемі 26 млрд. теңгені (14,13%), 2014 жылы 110 млрд. теңгені (35,4%), 2015 жылы 115 млрд. теңгені (34,4%), 2016 жылы 127 млрд. теңгені (36,8%), 2017 жылы 175,0 млрд. теңгені (45,7%) құрайды.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі салыстырмалы түрде төмен болды. Мәселен, 2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 167,1 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемінен 23 есеге және көлік пен қоймалауға салынған инвестициялардан 7 есеге төмен.

Өз кезегінде, инвестиция ағынының болмашы көлемі:

- саланың төмен деңгейде техникалық жарақталуынан (облыстың ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 пайызы тозған);

- егіншіліктің қарқындату деңгейінің төмендігінен (топырақтың құнарлылығын арттыру, тыңайтқыштарды қолдану бойынша жұмыстар дұрыс жолға қойылмаған);

- ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейінен (республика бойынша асыл тұқымды ірі қара мал басының жалпы табын бойынша үлесі 10,8%-ды құрайды, ал мал шаруашылығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 40-50 %-ды құрайды);

- ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің төмендігінен (Қазақстан Республикасы бойынша бір сиырға шаққанда сүт сауу бойынша орташа көрсеткіш жылына 2309 килограммды құрайды, ал шет елдерде бұл көрсеткіш жылына 6-8 мың литрге тең) көрінеді.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстанның ашық шекара жағдайында жұмыс істейтін барлық артықшылықтарына қарамастан, азық-түлік тауарларының отандық нарығында шетелдік контрафактілік және бұрмаланған өнімдердің болуы секілді жағымсыз фактілер байқалып отыр. Тұтынушыны өнімдердің құрамы мен шығу тарихына қатысты адасушылыққа әдейі алып келуімен қатар, бұл өнім халықтың денсаулығына тікелей зиян келтіреді және азық-түлік нарығында жосықсыз бәсекеге себепші болады. Сондықтан осындай өнімдерді өндірушілермен және оларды сатушылармен күресте белсенді түрде ынтымақтасуымыз қажет.

Не істеу жоспарлануда?

14-слайд (Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын тежейтін факторлар)

Шешу жолдары (Не істеу жоспарлануда?)

«Агробизнес 2020» құралдарын толықтай қаржыландыру

Біріншіден, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тетіктерін табысты іске асыру үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасының толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз ету қажет. Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бірыңғай нарығын құру да осыны қажет етеді, онда қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері әр түрлі мемлекеттік қолдау көлемдері жағдайында нарыққа қол жеткізу үшін бірдей шарттарға ие болады.  
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау, субсидиялау процесін автоматтандыру

Бұдан басқа агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін ауқымды реформалау бұдан әрі субсидиялау процесін автоматтандыра отырып, жалғасатын болады. Реформаның мәні – ынталандырмайтын субсидиялар мен мемлекеттік шығыстарды қысқарту. Осыған байланысты, 2016 жылы гектарлық субсидияны алып тастау және мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасын өзгерту жоспарланып отыр.

Бұл ретте, босаған қаражатты жабдықтар мен технологияны жаңғыртуға септігін тигізетін барынша тиімді бағыттарға – инвестициялық субсидияларға, пайыздық мөлшерлемеге арналған субсидиялауға, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруға, қосылған құн салығын, асыл тұқымдық істі субсидиялауға, бизнес қауымдастықтардың ғылыми ұйымдар көрсететін қызметтерге арналған шығындарын субсидиялауға, фитосанитариялық қауіпсіздікті арттыруға қайта бағыттау жоспарланып отыр.

15-слайд (Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау)

16-слайд

(Субсидияларды бір операторда шоғырландыра отырып, субсидиялау процесін автоматтандыру)

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы сақтандыру Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жоспарлануда, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесін есепке ала отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті сақтандыруды енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 17,18-слайдтар (Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы сақтандыруды жетілдіру)
Контрафактілік және бұрмаланған өнімдерге қарсы күрес Контрафактілік және бұрмаланған өнімдер проблемаларын шешу үшін Үкімет мұндай өнімдерді бақылау, олардың өндірушілері мен таратушыларына қарсы күресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігіне тамақ өнімдерін техникалық реттеу және бұрмаланған өнімдерді анықтау саласындағы функцияларды тапсыру жөніндегі біздің ұсынысымыз пысықталуда.  

Өткізу нарықтарының проблемалары

Өткізу нарықтарын дамыту жөніндегі басым міндет – ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай Халық Республикасының нарықтарына экспорттау. Қытай тарапы Қазақстаннан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімін импорттауға ерекше көңіл бөлетінін атап өту қажет.  
Залға өтініш Заңнаманы жетілдіру

Құрметті депутаттар! Аграрлық саланы реформалау мемлекеттік қолдаудың бағыттары мен көлемдерінің кейбір өзгерістеріне алып келеді.

Ұсынылып отырған өзгерістердің қолданыстағы заңнамалық актілерде болмауына байланысты, ең алдымен агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіру және оның тиімділігін арттыру қажет.

Осы кезде бізге тағы да Парламент депутаттары тарапынан қолдау қажет болады.

Жалпы, Парламент депутаттарымен бірлесіп аграрлық саланы мемлекеттік реттеудің жаңа тетіктерін енгізуді заңнамалық түрде бекітіп беретін құжатты уақтылы қабылдау ауыл шаруашылығын қолдау тиімділігін арттыруға және осындай салымдар кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Назарларыңызға рахмет!

 
Жарияланды: 29 сәуір 2016

Архив

Сәуір
2016
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту