Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы №232 қаулысы

«Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер» арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасында (таксономиясында):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі – таксономия) Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландырылатын және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келеңсіз әсер деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген «жасыл» жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Таксономия мынадай санаттарды қамтиды:

1) жаңартылатын энергия (жел, күн, геотермальды, гидро-, биоэнергия, жаңартылатын энергия көздеріне арналған жеткізілімдер тізбегі және қосалқы инфрақұрылым, сутегі өндірісі);

2) энергия тиімділігі (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіп объектілерінде және агроөнеркәсіптік секторда энергия тиімділігін арттыру, бюджеттік және коммуналдық секторда энергия тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар);

3) «жасыл» ғимараттар («жасыл» ғимараттар, ілеспе жүйелер және құрылыс материалдары, «жасыл» инфрақұрылым);

4) ластанудың алдын алу және бақылау (ауа, топырақ сапасы);

5) суды, қалдықтарды орнықты пайдалану (суды орнықты пайдалану және суды үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, ресурстарды сақтау және қалпына келтіру);

6) орнықты ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, орман шаруашылығы, биоәртүрлілікті сақтау және экологиялық туризм (орнықты ауыл шаруашылығы, ормандарды орнықты басқару және биоәртүрлілік пен экожүйелерді сақтау, орнықты туризм);

7) таза көлік (төмен көмірсутекті көлік құралдары, төмен көміртекті жүк тасымалдары, таза көлік инфрақұрылымы, таза көліктік ақпараттық және коммуникациялық технологиялар);

8) өтпелі энергетика (газ тәріздес қазбалы отыннан электр және жылу энергиясын өндіру, отынды алмастыру, атом энергетикасына арналған жабдықтарды өндіру, атом электр станцияларын салу және пайдалану).»;

таксономияға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының      

Премьер-Министрі                                                                                 О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу