АШМ басшысы 2024 жылға арналған өнімділік болжамын айтты

Үкімет үйінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Журналистердің сауалдарына жауап берген АШМ басшысы оңтүстік өңірлердегі көктемгі егіс жұмыстарының барысы, дайындалған тұқым қоры, өзге облыстардың егіс науқанына дайындығы туралы айтты. Ол сондай-ақ алдағы егін науқанына қатысты болжамдарды жария етті. Себу, тыңайту мерзімдерін және тұқым сапасын сақтау нәтижесінде гектарына 13-14 центнер өнім алу күтіледі. Журналистер сонымен қатар Министрлік диқандар өсіретін өнімге қатысты қажеттілікті қадағалай ма? Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы мәселелері қалай шешілмек? Бидайдың экспорттық әлеуеті қандай? деген сынды сұрақтарға қызығушылық танытты.

Диқандарға жеңілдікті дизель отыны нарық бағасынан 15%-ға төмен бұрынғы бағамен сатылады, деп сендірді энергетика министрі. Сондай-ақ ол жанар-жағармай материалдарын жеткізу көлемі, мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстары және оның аясында отынмен қамтамасыз ету туралы сұрақтарға жауап берді

#Брифинг #Егіс науқаны #Жанар-жағармай материалдары #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу