Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «13» мамырдағы № 259 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»       1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының       4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы     әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру,   сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы  № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан   Республикасының   Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы білім басқармасының «№168 жалпы білім беретін     мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қасыл Қатықбаеваның есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

 

Жарияланды: 30 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту