Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «31» тамыздағы  № 519 қаулысы

«Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы» Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешіміне сәйкес 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің және 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2016 жылғы 23 қарашада Мәскеуде жасалған 2015 жылғы 8 қыркүйектегі «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы
бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды
енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі          
қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму,
Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және «Атамекен» Қазақстан
Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар»
 тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды, оны
2017 – 2018 жылдары іске асыру тәртібін айқындау жөнінде шаралар қабылдау жолымен қамтамасыз етсін.

2. «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және
өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық
жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 539 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

 

Жарияланды: 31 тамыз 2017

Мұрағат

Тамыз
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту