Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «28» сәуірдегі № 232 қаулысы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

  1. «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат);
  2. «Қарағандышахтатарату» pecпубликалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы                    № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71,                  522-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                        Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысына қосымша

 

Жарияланды: 11 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту