Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «28» сәуірдегі № 230 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы
    № 618 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41,
    522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4,
5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысына қосымша

Жарияланды: 11 мамыр 2017

Мұрағат

Мамыр
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту