ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы инвесторлардың қызметі, іскерлік орта және инвестициялық ахуалды дамыту туралы ҚР-дағы «Еуропа қайта құру және даму банкі» өкілдігінің басшысы, Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы Агрис Прейманис айтып берді.

Ол тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Сонымен бірге, әлемде тікелей шетелдік инвестицияларға бәсекелестік артып келеді.

«Осы тұрғыдан біз шетелдік инвестицияларды тарту жүйесіндегі ұсынылған жаңа тәсілдерге қуаныштымыз және бірнеше элементтерге көңіл бөлгім келеді», — деді А. Прейманис.

Оның пікірінше, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі өте маңызды. Келешекте ол ірі инвесторлар үшін маңызды стратегиялық және тактикалық мәселелер шешілетін алаңға айналады.

Сарапшы Астана халықаралық қаржы орталығының құрылымын шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында пайдалану дұрыс әрі логикалық шешім екенін атап өтті.

«ЕҚҚДБ бірінші күннен бастап АХҚО барлық бастамаларын қолдайды, үздік стандарттарды енгізу бойынша көптеген бірлескен жұмыстар атқарылды, ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін қаржылық және сот инфрақұрылымы құрылды. Жаңа инвесторларға елімізге кіру бұрынғыдан да қолайлырақ болады, себебі ол ағылшын құқығымен жұмыс істейді», — деді А. Прейманис.  

Инвестициялардың басым бөлігі республиканың өңірлеріне келетінін ескере отырып, өңірлердің инвестицияларды тартудың жаңа құрылымына қатысуы қарастырылған, бұл олардың алдында тұрған сын-тегеуріндерді орталықтандырылған түрде шешуге және бірте-бірте жергілікті жерлерге (әкімдіктерде, «Қазақинвест» АҚ жергілікті өкілдіктерінде) тиімді өзара іс-қимыл орнату үшін инвесторлармен жұмыстың қажетті дағдыларын меңгеруге жол ашады.

А. Прейманис ЕҚҚДБ аталған ұсыныстарды қолдайтынын және өз тарапынан инвестициялар тарту жүйесінде жаңа тәсілдердің регламентін әзірлеуге белсенді түрде қатысатынын айтты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 22 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту