Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орыбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов «Kazakh Invest» АҚ-ны «Астана» халықаралық қаржы орталығына берудің инвестициялар тарту бойынша ағымдағы жұмыстарға қалай ықпал ететінін айтып берді.

Ә. Смайылов атап өткендей, Үкімет алдында орташа мерзімді перспективада экономика өсімін жылына 5% деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл тиісінше ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағымының жоғарырақ қарқынын талап етеді. Сондықтан аталған бағытта жұмыстарды күшейту бойынша қажетті қосымша шаралар қабылданды.

«Атап айтқанда, біз жағдайды таразылаған кезде, инвестициялар тартуға қатысты жұмыс жасауда мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар арасында үйлестірудің жоқтығын аңғардық. Сондай-ақ инвесторларға қолайлы халықаралық стандарттарға сәйкес форматта ұғынықты болуда жобалардың да олқылығы болды. Жұмыс тобы аясында аталған мәселелерді зерделеп, Үкіметтің тиісті Қаулысын қабылдадық, оған сәйкес АХҚО базасында инвестициялық хаб құрылып жатыр», — деді Ә. Смайлов.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары хабтың неліктен АХҚО базасында құрылатынын түсіндіріп берді.

«Себебі мұнда барынша қолайлы атмосфера жасалған. Жұмсақ инфрақұрылым құрылған, экспат-орталығы қызмет көрсетеді, онда шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде тіркеу, салық есебін қабылдау, жобалар бойынша көмектесу, қаржыландыру бойынша барлық қызмет түрлері ұсынылады», — деп түсіндірді ол.  

Ә. Смайыловтың айтуынша, мұнда инвесторларға барынша қолайлы орта жасалған, олар өздеріне қажетті қызметті ала алады. Бұдан өзге, АХҚО аумағында ағылшын құқығы жүреді. Мұнда Халықаралық сот, арбитраж орталығы орналасқан, яғни дәл осы АХҚО инфрақұрылымында осындай инвестициялық хаб құруға жағдай жасалған.

«Президент негізгі капиталға инвестициялар үлесін ЖІӨ 30% дейін жеткізу міндетін қойды. Бүгінде бұл 19% деңгейінде. Сондықтан да орташа мерзімді келешекте аталған мақсатты көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отырмыз», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 22 сәуір 2019

Мұрағат

Сәуір
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту