ҚР мәдениет және спорт министрі Бурабай курорттық аймағына шетелдік киноөндірушілерді тарту жөнінде айтты. 

«Сіздің АҚШ-қа сапарыңыз барысындағы тапсырмаңызға орай әрі Қауіпсіздік кеңесі хаттамасының шешімі бойынша, киноиндустрия саласындағы инвесторларды Қазақстанға тарту жұмыстарын бастадық. 1 шілдеде Еуразия Халықаралық кинофестиваліне халықаралық киноиндустрияның топ-менеджерлері, соның ішінде Universal Pictures вице-президенті қатысты», - деп мәлімдеді министр Бурабай туристік аймағын дамыту жөніндегі ҚР Президентіне айтқан баяндамасында.

Оның сөзінше, Бурабай шетелдік киноөндірушілерді тартуға қауқарлы.

«Сіздің арқаңызда Голливуд ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді. Мұндай серіктестік зор имидждік серпін беріп, қомақты мультипликативті экономикалық пайда әкелетіні сөзсіз. Голливуд сарапшылары, Алматы өңірінен тыс, Бурабай, Сарыарқа секілді бірегей аймақтарға ерекше қызығушылық танытып отыр», - деді министр.

А. Мұхамедиұлының пікірінше, осыған қатысты субсидия беру мәселесін заңнама деңгейінде шешу қажет.

«Қазір мұндай норма көп елдерде қолданылады. Голливуд үшін бұл - Қазақстан киносына инвестиция салудың басты шарты», - деді ол.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 шілде 2018

Мұрағат

Шілде
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту