Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында Инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдегендей, мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты — автожол саласын дамыту аясында 2017 жылы 4,4 мың км автомобиль жолдары қайта жаңғырту жұмыстармен қамтылды.

«Орта есеппен алғанда жөнделген жолдар 2 мың км-ден аспайтын өткен жылдармен салыстырғанда бұл рекордтық көрсеткіш», — деді Тимур Сүлейменов.

Нәтижесінде 2017 жылы 22 автомобиль жолдарының жобаларында 600 км автожол қайта жаңғыртылды, бұл жоспардың 100% құрайды.

Екінші бағыт — логистикалық жобаларды жүзеге асыру аясында еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін Құрық теміржол паром терминалы іске қосылды.

«Осы жоба бойынша жүкті ауыстырып тиеудің жоспарлы көрсеткіші 50%-ға артығымен орындалып, 1,5 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар, 2017 жылдың желтоқсан айында Құрық портында автокөлік паром терминалының тестілік іске қосылуы жүзеге асырылды», — деп атап өтті ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Автокөлік паром терминалының толық құрылысын аяқтау 2018 жылға белгіленген. Оның жобылық қуаттылығы жалпы жылына 2 млн тонна жүкті құрайды.

Жалпы жобаның қуаттылығы жылына 6 млн тоннаны құрайды.

«Нұрлы жол» бағдарламасының үшінші бағыты — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында 2017 жылы жоспарланған 700 км инженерлік жүйенің 765 км жанғыртылды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ТКШ қарыжыландыру елімізде инженерлік желілердің тозуын 67%- дан 60%-ға төмендегенін атап өту қажет», — деді Т. Сүлейменов.

Ағымдағы жылы шамамен 800 км инженерлік желілерді салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл, аталған көрсеткішті қосымша 3%-ға төмендетеді.

Төртінші бағыт — апатты мектептерді және үш ауысымдық оқытуды жою шеңберінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған

76 мектептің 73 мектебі салынды.

«ҚР БҒМ ақпаратына сәйкес, қалған білім беру объектілері ағымдағы жылдың І тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жалпы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдарында 108 мектеп салынды», — деді Тимур Сүлейменов.

Бесінші міндет — шағын және орта бизнесті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету аясында 2017 жылы 20 шағын және орта бизнес жобасы, оның ішінде Қостанай және Алматы облыстарындағы

2 индустриялдық аймақ қажетті инфақұрылыммен қамтамасыз етілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізуге бағытталған 1 теңге бюджет қаражаты жеке сектордан 28 теңге инвестициясын тартуға мүмкіндік берді. Инвестицияның жалпы көлемі 410 млрд теңгені құрады.

Қолдауға ие болған жобалар тамақ өнеркәсібі (3 жоба), ауыл шаруашылығы (7 жоба), жеңіл өнеркәсіп (1 жоба), құрылыс материалдары өнеркәсібі және фармацевтикалық өнімдер өндірісі (5 жоба) салаларына жатады.

Алтыншы бағыт — Халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды қоса қаржыландыру аясында 2017 жылы Халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестік туралы негіздемелік келісім шеңберінде муниципалды жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, өнімді инновацияларды ынталандыруға, жұмыс дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын құруға, суару және дренаж жүйелерін жетілдіруге бағытталған

15 жобаға бірлесіп қаржыландыруға қаражат бөлінді.

2017 жылы келісімдер ратификацияланып және жалпы сомасы 366,4 млн АҚШ долларын құрайтын екі үкіметтік несие жобасы іске қосылды, оның ішінде Халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылған қаражат 320 млн АҚШ долларын құрады.

Бұдан өзге, мемлекеттік кепілдік беру арқылы жүзеге асырылатын екі жобаны іске асыру басталды.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2017 жылы жоспарлы 75 мың жұмыс орнын құру кезінде 98,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бағдарламаның жалпы ішкі өнімнің өсуіне үлесі 0,75 пайыздық тармақ деңгейде бағалап отырмыз», — деп түйіндеді өз сөзін Тимур Сүлейменов.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз кезегінде «Нұрлы жол» бағдарламасы 2017 жылы шығындардың басты басымдықтарының бірі болғанын баяндады. Мемлекеттік бағдарламаның бюджеттік бөлігі 472,3 млрд теңгеге немесе 99,9% игерілді. Автомобиль жолдарын салуға және жаңғыртуға; Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын реконструкциялауға; сондай-ақ жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды субсидиялауға берілген қаражаттар толық көлемде игерілді.

Мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаражаттың жергілікті деңгейде игерілуі бөлінген қаражаттың 98,7 % құрады (127,4 млрд теңге).

2018 жылы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 488,5 млрд теңге қарастырылды. А. ж. 1 наурыздағы жағдай бойынша орталық мемлекеттік органдар 208,3 млрд теңге сомасына міндеттемелер қабылдады, яғни жылдық жоспардың 49,6%.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 06 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту