Жаңа заң жобасында мектептегі хиджаб мәселесін реттейтін норма жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын таныстыру алдында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.

«Мектепте хиджаб немесе орамал тағуға қатысты мәселелер Білім және ғылым министрлігінің құзыретінде. Өйткені министрлік бұйрығына сәйкес, мектепте балалардың арасында алауыздықты тудыратын кез келген мәселелерге қатысты шектеу бар, оның ішінде қымбат бұйымдар мен түрлі заттарды тағуға, қысқа көйлектер киюге болмайды. Сонымен қатар діни белгілерге қатысты талаптар ескерілген. Сондықтан бұл мәселе «Білім беру туралы» Заңда және Білім және ғылым министрінің бұйырығында нақты көрсетілген», - деді Н. Ермекбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Осы орайда ол оқушылардың хиджаб киюіне байланысты шектеуді қарастыратын норма  бүгін Мәжілісте таныстырылып отырған заң жобасында жоқ екенін атап өтті.

«Бірақ та, егер Білім және ғылым министрлігі мұндай норманы енгізуге бастамашылық етсе, оған біз қарсы болмаймыз», - деді министр.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 29 қаңтар 2018

Мұрағат

Қаңтар
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту