ҚР Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

«Қазақстан Түрікменстанды жақын көршілес ел және Орталық Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарастырады. Ширек ғасыр ішінде дипломатиялық қарым-қатынастарда  қос ел арасында өзара сенім мен қолдауға негізделген екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Стратегиялық шартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан-Түрікмен қарым-қатынастары Қазақстан-Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастары  мен ынтымақтастық туралы шартқа негізделген. Енгізілетін шарттың мақсаты екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейін  және екі елдің тығыз іс-қимылын бекіту болып саналады», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Оның айтуынша, құжат жоғары және жоғары деңгейдегі саяси диалогты жетілдіру және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Шартқа сәйкес тараптар  халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, сондай-ақ жаңа қауіптерге, сын-қатерлерге қарсы күресті, осы жолдағы ынтымақтастықты кеңейтуді әрі тереңдетуді көздейді. Шартта сауда-экономикалық, мәдение-экономикалық, әскери және әскери-техникалық, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейту қарастырады. Шартта екі мемлекеттің транзиттік-көліктік әлеуетін, халықаралық транзитті, телекоммуникациялық бағыттарды дамытуға айрықша назар аударылған.

«Құжатта Арал теңізінің экологиялық жүйесін қалпына келтіру, Каспий теңізі мен трансшекаралық су ағымдарының қорғалуы, осы саладағы халықаралық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, шұғыл күш-жігер біріктіру қарастырылған. Аталған заң жобасы Қазақстанның барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген», - деді ол.

Министрдің айтуынша, екі ел келісімді ратификациялау туралы грамоталармен алмасқаннан кейін аталған заң жобасы күшіне енеді. Жоба Қазақстанның заңдарына өзгерістер енгізуді талап етпейді. Сонымен қатар аталған заңды қабылдауға республикалық бюджеттен қаржы шығындалмайды.

«Осы заңды қабылдау Қазақстан-Түрікменстан  қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға айрықша үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Қайрат Әбдірахманов.

Сенаторлар құжатты бірауыздан қолдап, Сенаттың аталған заңды қабылдау туралы қаулысы қабылданды.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 28 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту