Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.

Анықтама: Карталар 13 бағыт бойынша әзірленді:

- ауыл шаруашылығы кооперациясы;

- аграрлық қайта өңдеу;

- АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру;

- тұқым шаруашылығы;

- фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

- агрохимия; жемшөп өндіру (жемшөп теңгерімі);

- көтерме-үлестіру орталықтары;

- егіндікті айналымға тарту;

- отарлы қой шаруашылығы;

- аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту;

- сиыр еті өндірісі;

- мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 10 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту