9 қарашада Самарқанда Қазақстан және Қырғызстан сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ерлан Әбділдаев кездесті.

Сыртқы саяси ведомстволар басшылары өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті тұстарын, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы интеграцияның көкейкесті мәселелерін талқылады.

Тараптар екіжақты Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынастарын нығайтуға екі тарап та мүдделі екенін және жиналып қалған сауда-экономикалық мәселелерді жылдам шешу қажеттігін атап көрсетті.

Министрлер екі елдің сыртқы саяси ведомстволары желісі бойынша байланыстарды жандандыруға келісті.

Қ. Әбдірахманов пен Е. Әбділдаев Самарқанда Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған халықаралық конференцияға және кезекті «ОА - Еуропа Одағы» диалогына қатысу үшін барды.

ҚАЗАҚПАРАТ

Жарияланды: 10 қараша 2017

Мұрағат

Қараша
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту