V Халықаралық «Демалыс әлемі 2017» туристік көрмесі барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті туризм саласындағы бірлескен жобалардың 2017-2019 жылдарға арналған жоспарына қол қойды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Анвар Шарапов халықаралық ведомствоаралық құжатқа қол қойды.

Құжатқа қол қоя отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның туристік ведомстволарының басшылары екі ағайынды халық арасындағы достық қарым-қатынас пен мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсудің маңыздылығын атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастық келесі бағыттарға басымдық беретін болады: туристік дестинацияларды тиімді басқару саласында тәжірибемен алмасу, екі елдің туристік шараларын өткізуге көмек көрсету.

Қазақстан тарапының бүгін Ташкентте ашылған Халықаралық «Демалыс әлемі 2017» өзбек туристік көрмесіне қатысуы еліміздің Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған стратегиялық экономикалық ынтымақтастығын тиімді іске асыруға дайын екенін көрсетеді.

Өзара іс-қимыл жоспарын іске асырудың келесі қадамы өзбек туроператорларының «KITF 2017» (Алматы қ., 2017 жылғы 19-21 сәуір) және «Astana Leisure 2017» (Астана қ., 2017 жылғы 27-29 қыркүйек) халықаралық қазақстандық туристік көрмелеріне қатысуы болады.

ЭКСПО-2017 қарсаңында екі мемлекет Астанада биыл жазда өтетін халықаралық мамандандырылған көрме қатысушылары мен қонақтарына Ташкент-Самарқанд-Бұхара-Хиуа және Шымкент-Түркістан-Астана бағыттары бойынша және кері бағытта құрамдастырылған турлар ұйымдастыруға ниетті.

Сондай-ақ, туристік ағынды ұлғайту мақсатында екі ел «Ұлы Жібек жолы» атты ортақ туристік өнім шығаруға ниет білдіруде.

Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытып, нығайту мақсатында туризм саласындағы оқу технологиялары мен зерттеулермен алмасуға, сонымен қатар туристік бизнес менеджменті мен оны ұйымдастырудағы тәжірибелерімен алмасуға ықпал етуге келісті.

Еске сала кетейік, «Демалыс әлемі 2017» атты халықаралық өзбек туристік көрмесі Ташкентте 13-14 сәуір күндері өтеді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 13 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту