Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметінің 2016 жылғы қорытындысы және 2017 жылға арналған жоспарлар тыңдалды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында түбегейлі реформалардың, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қажеттігін атап өтіп, Үшінші жаңғыруды іске асыру бойынша міндет қойған болатын. Аталған тапсырманы іске асыру аясында Мемлекеттік корпорацияның алдында қызмет көрсету үдерістеріне жаңа технологияларды енгізу, сервисті арттыру және трансформация жүргізу мен ішкі процестерді оңтайландыру бойынша міндеттер тұр.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы Қаулысымен құрылған. Алғашқы жұмыс жасай бастаған жылы Мемлекеттік корпорация 37 млн. қызмет көрсетті. Оның ішінде электронды форматта - 68,5% (24,5 млн.).

www.primeminister.kz

Жарияланды: 08 сәуір 2017

Мұрағат

Сәуір
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту