Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде жылына немесе екі жылда бір өткізіп отыруды ұсынды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті.

"Бірер күн бұрын Нью-Йоркте Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды", - деді Ашықбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жолдауда БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан жұмысының 7 басым бағыты атап көрсетілді. Бірінші міндет - ядролық қарусыз әлемді жақындату, екінші - жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, үшінші - Орталық Азияда бейбітшіліктің өңірлік аймағын қалыптастыру, төртінші - БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция (желі) құру, бесінші - Африканың бейбіт дамуына жәрдемдесу, алтыншы - БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілету, жетінші - БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерікті нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ҚК-не мүше мемлекеттердің тұрақты кездесулер тетігін келісу, Азия, Еуропа, Америка және Африка құрлықтарының аймақтық қауіпсіздік ұйымдарының арадағы әріптестігін кеңейту.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 11 қаңтар 2017

Мұрағат

Қаңтар
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту