Батыс Қазақстан облысы

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы – 151,3 мың. ш. км., ол Қазақстан ауданының 5,6 % құрайды. Осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде 8-ші орынды алады. Халқының саны – 614 280 адам. Қалада – 299 500 (48,8 %) адам, ауылды жерлерде — 314 800 (51,2 %) адам тұрады.
1932 жылғы 10 наурызда ҚазКСР Батыс-Қазақстан облысы ретінде құрылды. Тарихи тұрғыдан оған Ресей империясының Орал облысы сәйкес келеді. 1962 жылғы 3 мамырдан бастап 1992 жылғы шілдеге дейін Орал облысы деп аталды, кейін Қазақстанның парламенті «Батыс-Қазақстан облысы» атауын қайтарды.

Қазақстанның екі облысымен және Ресейдің бес облысымен шектеседі:

солтүстігінде — Ресей Федерациясының  Орынбор облысымен
шығысында — Қазақстан Республикасының  Ақтөбе облысымен
оңтүстігінде — Қазақстан Республикасының  Атырау облысымен және Ресей Федерациясының Астрахан облысымен
батысында — Ресей Федерациясының Волгоград және Саратов облыстарымен
солтүстік-батысында — Ресей Федерациясының Самара облысымен.
Оралдан Астанаға дейін ара қашықтық – 1747 км. құрайды. Облыста 12 аудан және 2 қала, 4 ауыл, 155 селолық және ауылдық округтер бар.
Облыс индустриалды өңір болып табылады. Республиканың өнеркәсіп өндірісіндегі облыстың меншікті салмағы 9,0% (Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін 3-ші орынды алады) құрайды.
Өңірдің мамандандыруын  тау-кен өнеркәсібі (табиғи газды және газ конденсатын өндіру) сипаттайды. Ол өнеркәсіп құрылымында 89% құрайды. Өңдеу өнеркәсібі – машина жасау және тамақ саласымен көрсетіледі.

Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі web-сайты

Алтай Сейдірұлы Көлгінов

Батыс Қазақстан облысының әкімі

 

 kolginov

 

1978 жылы дүниеге келген.

Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту