Атырау облысы

Өңірдің әкімшілік орталығы – Атырау қаласы. Атырау облысы Батыс-Қазақстан облысымен, Маңғыстау облысымен, Ақтөбе облысымен және Ресей Федерациясының Астрахан облыстарымен шектеседі. 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған.

Облыс Каспий маңы ойпатында, Каспий теңізінен солтүстік және шығысына қарай, солтүстік-батысында Волганың сағалары және оңтүстік-шығысында Үстірт қорығының арасында орналасқан. Облысқа іргелес келетін бөліктегі Каспий теңізінің тереңдігі кемінде 50 м. болады. Жағалық сызығы аз жырымдалған, құмды жағалары және жаға маңындағы аралдар кездеседі.

Батысында Ресейдің Астрахан облысымен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Батыс-Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысымен және Каспий теңізімен шектеседі.

Аумағы – 118,6 мың. ш. км. құрайды. Атыраудан Астанаға дейінгі ара қашықтық– 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала, 2 кент, 173 ауылдық елді мекендер бар.

Облыс өндірістік өнеркәсіп үлесі бойынша алдыңғы қатарда: республика көлемінде облыс бірінші орында тұр (23,6%). Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп – 56,2% құрайды, оның 92,3% тау-кен өндірісі. Қазіргі уақыттағы облыстың әлеуеті  - мұнай мен газ өндіру өнеркәсібі.

Сонымен қатар, өңір мұнайды қайта өңдеумен, балық өнеркәсібімен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысады.

Өңірдің ерекшелігі оныңжоғары экономикалық өсуі тек бір салада (мұнай мен газды өндіру) шоғырланғаны және тұйықталғаны болып табылады. Бұл ретте, осы салада өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылғандардың жалпы 5,4% жұмыс атқаруда.

Атырау облысы әкімшілігі web-сайты

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев

Атырау облысының әкімі

 

2222 main5

 

1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.
1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.
1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.
1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.
2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.
2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - облыс әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап Атырау облысының әкімі.

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту