Алматы қаласы

Алматы қаласы 1854 жылғы 4 ақпанда Іле Алатауының баурайында әскери қамал ретінде қаланған. Кейін оның атауы алдымен Верный, одан кейін Алматы болып ауысқан. Қаланың ауданы 320 ш. км. астам территориясын қамтиды. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасының астанасы болған. Елдің оңтүстік-шығысында 77° шығыс бойлықта және 43° солтүстік ендікте, Тянь-Шань жоталарының етегінде, сонымен қатар Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қазіргі уақытта Алматы қаласы республикадағы қызмет секторының меншікті салмағы бойынша алдыңғы қатарда шамамен 30% (1-ші орын).

Қаланың ЖӨӨ құрылымында қызмет секторы негізгі үлесін құрайды (73,0%). Аталған факті қала экономикасының дамуы бойынша постиндустриалды даму сатысында біртіндеп көшетінін айғақтайды. Соңғы он жылдық ішінде қала экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі қатты төмендеді.

 

Алматы қаласының web-сайты

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек

Алматы қаласының әкімі

 

 

 

1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған.

 «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

«Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаұлық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы; «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы; 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.

1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі.

2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

2013 жылдың 1 қаңтар айынан бері - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

2015 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының әкімі.

ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.

 

 

 

Жарияланды: 17 қыркүйек 2013

Мұрағат

Қыркүйек
2013
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту