Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №91

2020 жылғы 14-20 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Маминге, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Д. Ақышевқа, Алматы облысының әкімі А.Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы А. Әшімбекұлына, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры А. Дзюбаға, «Mabetex Group» компаниясының негізін қалаушы Б. Паколлиге, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары С. Сейтеновке мемлекеттік наградалар тапсырды.
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәуелсіздік күніне орай министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне, сондай-ақ шет елдердің өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.
  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселесі қаралды. Үкімет басшысы бір ай мерзімде жаңа ынталандыруды, соның ішінде мемлекет тарапынан кепілдік мөлшерін ұлғайтуды көздейтін «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына түзетулердің жетінші топтамасын әзірлеуді тапсырды.
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына барды. Премьер-Министр вакцина шығаратын биофармацевтика зауытының құрылысымен танысты. Сондай-ақ А. Мамин ҒЗИ ғылыми қызметкерлеріне арналған 180 пәтерлік үш үйдің құрылыс алаңына барды. 60 пәтерлік алғашқы тұрғын үй 2021 жылы қаңтар айында пайдалануға беріледі.
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу