Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №3

2024 жылғы 19-25 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 20 ақпан күні Қазақстан Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жоба аясында оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорына 1 қыркүйекке дейін 98 мектепті, ал қалған 119 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды. Өңірлер әкімдеріне 15 наурызға дейін мектеп құрылысына арналған жер учаскелерін рәсімдеуге қатысты барлық проблемаларды шешу тапсырылды. Биыл пайдалануға берілетін мектептерге баратын кірме жолдар мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын 1 тамызға дейін аяқтау қажет.

  • ҚР Үкіметінің отырысында ағымдағы су тасқыны жағдайы, сондай-ақ көктемгі маусымға және болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық шаралары талқыланды. Премьер-Министр Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, арнайы және инженерлік техниканы шоғырландыруы, бизнеспен олардың техникасын резерв ретінде пайдалану туралы келісімге келуді, аса қауіпті учаскелердің маңында қажетті материалдар қорын қамтамасыз етуді міндеттеді.

  • Үкімет отырысында 9 ақпанда өткен кеңесте Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Премьер-Министрдің айтуынша, ұлттық экономиканы жедел дамыту үшін бұл бағыт өте маңызды. Қазақстандық өнімге сұранысты арттыру есебінен айтарлықтай өсу резервтері бар.

  • Жұма, 23 ақпан күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында Үкімет басшысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Сонымен қатар Премьер-Министр қауіпті қызыл аймақта орналасқан «Жайықжылуэнерго» АҚ электр және жылу энергиясын өндіру кәсіпорнының ағымдағы жағдаймен танысты.

  • «World Green Company» ЖШС көкөніс өсіретін жылыжай кешеніне барған Үкімет басшысы ондағы технологиялық үдеріспен танысып, дайын өнімдерді қарап шықты. Мұнда Үкімет басшысына инвестиция көлемі шамамен $2,4 млрд құрайтын, қуаттылығы 6 млн тонна калий тыңайтқыштарын өндіретін Қазақстандағы тұңғыш тау-кен байыту кешенін салу жобасы таныстырылды. Бүгінгі таңда елімізде мұндай тыңайтқыштарға орташа қажеттілік жылына 18 мың тоннаны құрайды. Зауыт 2035 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. 

  • Олжас Бектенов елімізде 60 жылдан бері ТЖМ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындарды арнайы техникамен қамтамасыз етіп келе жатқан ірі компаниялардың бірі – «Оралагрореммаш» АҚ-ға барды. Өткен жылы мұнда 120-дан астам арнайы техника және 115 тіркеме шығарылды. Бұл ретте кәсіпорынның өндірістік жүктемесі 20%-дан аспайды. 

  • Өңірде Үкімет басшысы қуаты жылына 5 млн полипропилен қапшығын (бигбэгтер) шығаратын «Packaging Systems» кәсіпорнына барды. Жоба өткен жылдың күзінде аймаққа шетелдік компанияларды орналастыру аясында пайдалануға берілді. Өндірілетін бигбэгтер қазіргі уақытта Қазақстанда пайдаланылады, сондай-ақ ЕАЭО және ЕО елдеріне экспортталады.

  • Өнеркәсіп нысандарын аралау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы өнеркәсіптің қарқынды өсуін және экономиканы индустрияландыруды қамтамасыз ету үшін қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шараларын күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу