Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №27

2022 жылғы 11-17 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

Бейсенбі, 14 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Дүйсенбі, 11 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, онда азық-түлік бағасының өсуін тежеу жөніндегі шаралар, инвестициялар тарту және өңірлердегі өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мәселелері қаралды.

Сейсенбі, 12 шілдеде, Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға ҚР Президентінің Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Осы күні ҚР Премьер-Министрі Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, аграрлық саладағы өзара іс-қимылды және туристік әлеуетті дамытуды талқылады.

Әлихан Смайылов Жапония елшілігіне барып, көрнекті саяси қайраткер, бұрынғы Премьер-Министр Синдзо Абэнің қаза болуына байланысты осы елдің халқына көңіл айтты.

Жұма, 15 шілдеде, Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтті, онда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жедел әрі нәтижелі орындау керек екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу