Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №2

2022 жылғы 17-23 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 21 қаңтарда Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуіне қатысты. 
  • Сейсенбі күні Үкімет басшысы Ә. Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Бірінші мәселе санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қарастырды. Қазақстанда да  «Омикрон» қарқынды таралуда, «сары аймақта» орналасқан Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы «қызыл аймақта» тұр. Екінші мәселе ретінде елдегі Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары қаралды. Құжат азаматтар мен бизнес субъектілерінің қауіпсіздігі мен оларды жан-жақты қолдауға, сондай-ақ елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тез арада тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шұғыл және қысқа мерзімді шараларды қамтиды. Отырыста үшінші мәселе ретінде инфляцияның өсуіне, азық-түлік пен мұнай өнімдері бағасының көтерілуіне жол бермеу шаралары қаралды.
  • 17 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңынан тыс – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды.
  • 19 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Әлихан Смайылов Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды.
  • Бейсенбі күні Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды.
  • Сенбі күні, 22 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу