Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133

2021 жылғы 11-17 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 2021 жылғы 9-10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Абу-Даби қаласында Үкімет басшысы БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) холдингтері және  мемлекеттік даму институттары мен БАӘ-нің басқа да жетекші компанияларының басшылығымен келіссөз жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Дубай қаласында Үкімет басшысы  «EXPO 2020 Dubai» халықаралық көрмесіне барды. 
  • Дүйсенбі күні, 11 қазанда ҚР Премьер-Министрі «Шеврон» компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізді. Тараптар «Теңізшевройл» (ТШО) болашақ кеңейту жобасын іске асыру, Қарашығанақ жобасын кеңейту және Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру перспективасы мәселелерін талқылады.
  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және Ұлттық жобалар қаралды. Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы экономиканың өсу қарқынын арттыру және әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру, азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин жобалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды
  • Бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапары аясында көлік инфрақұрылымы жобалары – «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары  жобаларының іске асырылу барысын тексерді.
  • Сенбі күні Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу