Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131

2021 жылғы 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні, 28 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезіне қатысты.

  • Сол күні ҚР Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастауымен «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС-ға барды.

  • Сәрсенбі күні, 29 қыркүйекте А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты, онда өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді, онда мәдениет пен білім беруді дамыту мәселелері қаралды.

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, Индустрияландыру картасын іске асыру барысы және елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қаралды. Бірінші мәселені қарау аясында ҚР Премьер-Министрі халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы әр жобаның іске асырылуын жеке бақылауда ұстауды және жыл соңына дейін олардың пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Үшінші мәселені қарау барысында А. Мамин биылғы жылғы 20 қазанға дейін Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді тапсырды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету бойынша өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

  • Бейсенбі күні 30 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты. G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналып, Қазақстан экономикасына түсетін шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді.

  • Жұма күні, 1 қазанда ҚР Премьер-Министрі РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, транзиттік-көлік, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

  • Сол күні Асқар Мамин РФ Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесті. Тараптар ҚР мен РФ шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

  • Сенбі күні, 2 қазанда ҚР Премьер-Министрі Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу