Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №1

2024 жылғы 5-11 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 6 ақпанда Олжас Бектенов Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын мақұлдады. Сол күні жаңа Министрлер кабинетінң бүкіл құрамы келісілді. Премьер-Министр Ұлттық экономика, Қаржы, Төтенше жағдайлар және Денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды. Олжас Бектенов әрбір ведомство алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

  • Сәрсенбі, 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев брқатар өзекті мәселеге тоқталды. Президент Үкімет алдында тұрған міндеттер өте маңызды екенін, дереу іске кірісу керектігін атап өтті. Экономиканың әр саласына түбегейлі реформалар қажет.

  • Жұма, 9 ақпан күні Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Әр ведомствоның алдына нақты міндеттер қойылды. Мәселен, Қаржы министрлігіне 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқарту тапсырылды. Сонымен қатар Премьер-Министр Салық кодексінің жобасын іс жүзінде қайта жазу қажеттігін атап өтті.

  • Сондай-ақ Үкімет басшысы бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуді тапсырды. Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынулары керек. 

  • Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-Министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

  • МӘМС жүйесін реформалау қажеттігіне назар аударылды, цифрлық трансформацияны жүргізу, көлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін реформалау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

  • Премьер-Министр формализм мен бюрократиялық сарсаңға салуды толығымен жоя отырып, стереотиптерден арылу қажеттігін айтты. Жиынды қорытындылай келе, Олжас Бектенов жұмыс қарқыны жоғары, талап қатаң болатынын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу