ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021

— Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. 

— Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыруды,  халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.

— Халықты жұмыспен қамту шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады. 

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Еңбек» бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жоспарларды орындау жұмысын жандандыруды, бір ай мерзімде экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін өзектендіруді, «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеп, талқылауды тездетуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу