ҚР Үкіметінің отырысы, 19.04.2022

19 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Тақырып аясында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының м. а. Нариман Әбілшайықов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірге Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне бірінші басшылардың жауапты орынбасарларын белгілеуді, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде бизнесті мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында ел экономикасының салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шаралары қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Мейрам Бегентаев және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің директоры Бағдашжан Молдашева баяндама жасады.

  • Үкімет басшысы отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік ЖОО-да білім алғаннан кейін жастардың елден кетуін қысқарту үшін жоғары білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін атап өтті, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, «Атамекен» ҰКП-ға және өңірлер әкімдіктеріне бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу