ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021

—  Үкімет отырысында  2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

— Экономиканың дамуы, ақша-несие саясаты, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай жайында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. 

—  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударуды, жергілікті бюджет есебінен форвардтық азық-түлік сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды және «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу