ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2022

12 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің биылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-Министрі қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына шектеу шараларының әсері барынша азайтылғанын атап өтті. Алайда бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Себебі бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсуде. Сонымен қатар Ә. Смайылов Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру екенін айтты.

  • Сонымен қатар Үкімет отырысында отандық ғылымды дамыту мәселесі қаралды. ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры К. Закарья баяндама жасады.

  • Әлихан Смайылов Білім және ғылым министрлігіне биылғы 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етуді, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтауды, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасауды, Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдауды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу