ҚР Үкіметінің отырысы, 05.07.2022

5 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру қаралды. Бұл тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев баяндама жасады.

— Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырма берді:

  • тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережелерін Парламентпен сапалы әрі жедел пысықтау керек;

  • қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді іске қосу жұмыстарын аяқтау керек;

  • баспанаға мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның жоспарланған көлемін уақытылы іске қосу үшін шаралар қабылдау керек.

— Екінші мәселе бойынша мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту шаралары қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осы тақырып бойынша баяндама жасады.

— Әлихан Смайылов бірқатар тапсырмалар беріп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдаудың кешенді шараларын іске асыруды жалғастыру қажет екен атап өтті. 

  • ЕХӘҚМ Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірге сырттай куәландыруды енгізу үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау және Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруы керек. 

  • Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін мұқтаж адамдарды техникалық құралдармен және сауықтыру қызметтерімен қамту көрсеткішін 90%-ға және 2023 жылдың соңына қарай 100%-ға жеткізуі керек. 

  • Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге науқастарды ертерек диагностикалауға және мүгедектіктің алдын алу үшін ерте оңалтуға ерекше назар аударуы керек. 

Премьер-Министр барлық мүдделі мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу және қолжетімді ортаны қалыптастырудың Ұлттық бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды. 
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу