ҚР Үкіметінің отырысы, 02.02.2021

—  Үкімет отырысында 2021 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары және 2021 жылғы 29 қаңтардағы Мемлекет басшысының Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. 

— ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, сыртқы істер министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.

—  А. Мамин екі күн мерзімде Премьер-Министр Кеңсесіне Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жол картасының жобасын енгізуді тапсырды.

— ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 29 қаңтардағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов пен ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады.

— Үкімет басшысы экономиканың сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар пакетін енгізуді, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жобасын пысықтауды, Жалпыұлттық басымдықтар мен елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын қабылдау туралы жарлықтардың жобаларын енгізуді қамтамасыз етуді, Ұлттық жобалардың тізімін қалыптастыру тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу