ҚР Үкіметінің отырысы, 01.06.2021

—  Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары және балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

— Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. 

— Үкімет басшысы маусым айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арттыруды, «Ashyq» мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

— Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

— Премьер-Министр Асқар Мамин Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген кешенді жоспары іс-шараларының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, сондай-ақ ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы Артур ван Дизен баяндама жасады.

— А. Мамин білім беру және бос уақытты өткізу саласының объектілерін тиісті қауіпсіздік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды, мектеп медицинасын, ерте даму және скрининг кабинеттерінің, балалар үйлерінің, балалар стационарлары мен емханаларының материалдық-техникалық базасын жетілдіруді, спортпен айналысатын балалардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу