Қазақстанда мемлекеттік тілге қолдау көрсету бойынша қажетті жүйе қалыптастырылды

Осындай пікірімен ҚР Үкіметі отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім бөлісті.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, қазақ терминологиясын қалыптастыру, ономастика мәселелерін реттеу, шетелде өмір сүретін қазақ диаспораларының мәдени және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі саясаты өз нәтижелерін көрсетуде. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендер мен мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру нысандары қазіргі заман талаптары мен қазақ халқының діліне сәйкес атала бастады.

«Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жолында әлі де біраз жұмыстар атқару қажет. Бұл әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Қазақ тілі егеменді елдің тәуелсіз тілі болуы үшін біз барлығымыз еңбектенуіміз керек», - деп сөзін түйіндеді Ғ. Есім.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу