Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте барлық ұсыныстар жүйеленді, олар жоғарыда аталған технологияларды дамытудың Жол картасының негізіне айналады.

Кембридждің баламалы қаржы орталығының бағалауы бойынша, Қазақстан цифрлық активтерді шығаруға арналған жабдықтың есептеу қуаты бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Бүгінгі күні криптоиндустрия, инновациялық қаржы құралдары және осы текстес салаларда жұмыс істейтін компаниялардың сан алуан түрлерінің ішінен тек қазақстандық нарықта тау-кен компаниялары ұсынылған.

Осы бағыттағы цифрлық индустрияны одан әрі дамыту үшін пилоттық жоба аясында әдіс- тәсілдерді қайта қарау ұсынылады. Атап айтқанда, АХҚО негізінде крипто-биржаларды жүзеге асыру, крипто-биржаның қазақстандық банктермен және жеке тұлғалармен, ҚР резиденттермен және бейрезиденттермен өзара әрекеттесу механизмі туралы пилоттық жобаның ережелерін әзірлеу және бекіту, пилоттық жоба бекітілгеннен  кейін крипто-биржалардың қызметі туралы заңнаманы жетілдіру қажеттілігін қарастыру мәселелері сөз болды.

Сарапшылардың пікірінше, реттелетін ортада цифрлық активтер нарығы ұйымдасқан және ашық болады, бұл нарықты дәлірек бағалауға және талдаулар жүргізуге, халықаралық талаптарға сәйкес келетін реттеу тетіктерін қамтамасыз ете отырыпаймақтағы криптовалюта нарығында жетекші орынға ие болуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктердің, Халықаралық қаржы орталығы мен талдаудың (АХҚО), Қазақстандағы Blockchain және Data Center индустриясының ұлттық қауымдастығының ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, Криптоиндустрия және блокчейн технологияларын дамытудың Жол картасының әр пункті бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың пікірлері тыңдалды.

Ә. Смайылов операциялық, заңдық және алаяқтық тәуекелдерді ескере отырып, қосымша АХҚО-дағы крипто-биржаның жұмыс істеуінің кейбір аспектілерін әзірлеуді және келісуді, сондай-ақ бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша Жол картаның келісілген нұсқасын ҚР Үкіметтінің бекітуіне ұсынуды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу