Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту: Г. Әбдіқалықова Алматыда жаңа әлеуметтік саясаттың орындалу сапасын тексерді

Жұма, 26 Сәуір 2019, 17:05:36

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен Үкіметтік делегация Алматы қаласында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.

Түске дейін Вице-Премьер Г. Әбдіқалықова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, қала әкімі Б. Байбек «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» жол карталарының іске асырылуы жөнінде кеңес өткізді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жаңа әлеуметтік саясат іске асырылып жатыр. Басты міндет — азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру.

Бүгінде қалада көп балалы аналар мен қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» жол карталары жүзеге асырылып жатыр. 13 шара қарастырылған Жол картасы бекітілді. Жұмысы «бір терезе» қағидасы бойынша жүргізілетін «Бақытты отбасы» орталығы ашылуда. Онда заңгерлер, психологтар, жаттықтырушылар және т.б. жұмыс істейтін болады. «Бақытты отбасы» қайырымдылық қоры құрылып, меценаттар мен жұртшылықтың арқасында 131 млн теңгеден астам қаражат жинап үлгерді. 1 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді.

Алматы елімізде алғаш болып «Бақытты отбасы» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Мамыр айында 30 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазіргі әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті. Атап айтқанда, өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек 10 айлық есептік көрсеткіштен (25 250 теңге) 20 айлық есептік көрсеткішке дейін (50 500 теңге) көбейді. Бұл шарамен 10 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады.

Содан кейін Г. Әбдіқалықова және Б. Сапарбаев аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдар мен кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіп, онда әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады.

2015 жылдан бастап бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 25,7 млрд теңгеге 40-тан астам жоба іске асырылып келеді. Бүгінде 21,6 млрд теңге сомасына 32 жоба іске асырылды. 7 балабақша, 1 емхана, фельдшерлік-акушерлік пункт және т.б. салынды.

Вице-Премьер көп балалы аналармен кездесуде мемлекет азаматтардың аз қамтылған санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін артып, 20 789 теңгені құрады, мамыр айынан бастап жалға берілетін тұрғын үй бөліне бастайды, ал 1 маусымнан бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбекақысы көбейеді. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері жаңа әлеуметтік саясат аясында іске асырылып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат берді.

С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің жатақханасын аралау барысында Премьер-Министрдің орынбасары «Елбасының бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасының орындалу барысымен танысты.

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарының соңында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді. Кездесуде студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөніндегі үшінші бастаманың іске асырылуы туралы ақпарат тыңдалды, жоғары білім берудегі өзекті мәселелер талқыланды.

Жоғарыда аталған бастаманы орындау үшін қалада студенттер жатақханаларын салу жұмысы жалғасуда. 39 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 149 мың адам білім алады, оның 92 мыңнан астамы басқа қалалардан келген студенттер. Барлығы 95 жатақханада 30 мың (33%) студент тұрады. 

2018 жылы жоғары оқу орындарының өз қаражатының есебінен 1200 орынға арналған 3 жатақхана пайдалануға берілді. 2019 жылы да өз қаражаттары есебінен 2 340 орынға арналған 5 жатақхананы аяқтау жоспарда бар.

Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова жатақханаларды уақытылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету, студенттерге қолайлы жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар қабылдау жөнінде жоғары оқу орындарының ректорларына, мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту: Г. Әбдіқалықова Алматыда жаңа әлеуметтік саясаттың орындалу сапасын тексерді


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Маусым 2021, 12:58
Қарағанды облысында ШОБ үлесі жыл сайын артып келеді —  Ж. Қасымбек
25 Маусым 2021, 12:51
Ж. Қасымбек: Моноқалалардағы экономика құрылымын әртараптандыру қажет
25 Маусым 2021, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы
24 Маусым 2021, 19:37
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
24 Маусым 2021, 16:45
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 
24 Маусым 2021, 16:11
Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.