Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр

Каспий теңізінен шығысқа қарай Маңғышлақ үстіртінде орналасқан Маңғыстау облысы еліміз үшін өнеркәсіптік тұрғыдан стратегиялық маңызды өңір. Мұнда республика мұнайының 25% өндіріледі. Сонымен қатар Маңғыстау облысында Қазақстанның «теңіз қақпасы» – Ақтау қаласы орналасқан. Маңғыстау облысының жыл басынан бері қалай дамып келе жатқаны туралы «Primeminister.kz» шолу материалынан оқыңыздар.

Осы жылдың басынан бері өңірде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Бұл өңдеу өнеркәсібі (104,6%), инвестициялар (106,4%), ауыл шаруашылығы (103%), құрылыс (121,1%), тұрғын үйді пайдалануға беру (100,3%), сауда (104,9%) және көлік қатынасы (108,2%). ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемінің қысқаруын ескере отырып, тау-кен өндіру саласында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді.

Шағын және орта бизнеске коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде жұмыс істеуге тура келген күрделі жағдайларды ескере отырып, өңір билігі «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 27 млрд теңгеге 1361 жобаны қолдады. Осы шараның арқасында 231 жаңа жұмыс орны құрылды, 1299-ы сақталды.

Сондай-ақ 2021 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 294,3 млн теңге сомасына 28 микрокредит берілді және 41 жұмыс орны құрылды.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылғаннан бері (2018 жылғы қарашадан бастап) 3,1 млрд теңге сомасына 152 жоба іске асырылып, 1 152 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Жалпы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2021 жылға 6 805,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде:

  • несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша – 5 118,9 млн тг;
  • кредиттерді ішінара кепілдендіру құралы бойынша – 1 651,9 млн тг.

Қазіргі уақытта 15 405,3 млн теңге сомасына 1 031 жоба мақұлданды, оның ішінде:

  • субсидиялау бойынша – жалпы сомасы 11 125,5 млн теңгеге 491 жоба;
  • кепілдендіру бойынша – жалпы сомасы 4 279,8 млн теңгеге 540 жоба. 

Сонымен қатар 2019-2021 жылдар аралығындағы кезеңде басым бағыттарды субсидиялау тетігі («Қарапайым заттар экономикасы») шеңберінде 642 жаңа жұмыс орнын құра отырып және 2 609 жұмыс орнын сақтай отырып, 15 156,9 млн теңге сомасына 38 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Тетік аясында 2021 жылы 2,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде субсидиялау бойынша – 1,8 млрд теңге, кепілдік беру үшін – 382 млн теңге.

Биыл 30 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 196,5 млн теңге сомасына 2 жоба қолдау алды. Бұл бағыт бақылауға алынды, ай сайын екінші деңгейдегі банктердің директорларымен және қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларымен жиналыстар өткізіледі. 

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында микрокредит беру бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 700 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бөлінген қаражаттан 351 млн теңге сомасына 32 микрокредит берілді. Берілген қаражатты игеру осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субъектілер саны 53,2 мың бірлікті немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 100,3% құрады. Облыста тұрақты негізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі:

  • жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 53 199 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%+-ға артық;
  • шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 121 092 адамды құрады;
  • шағын және орта бизнес шығарған өнім көлемі 1,4 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық.

Өнеркәсіп саласын дамытуға келетін болсақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі құрылымында мынадай кіші салалар бар:

- машина жасау (23,8%),

- дайын металл бұйымдарын өндіру (17,7%),

- мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (16,4%),

- химия өнеркәсібі (14,6%),

- өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (13,4%).

Ең аз үлестер:

- азық-түлік өнімдерін өндіру (4,5%),

- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі (4,3%),

- металлургия (2,3%),

- жеңіл өнеркәсіп (1,6%),

- фармацевтика (0,1%).

Облыс бойынша өңдеу өнеркәсібінің ең көп үлесі Ақтау қаласына тиесілі (54,8%). Мұнда облыстың өңдеу өнеркәсібінің ірі және орта кәсіпорындары шоғырланған (Түпқараған ауданы – 16,5%, Маңғыстау ауданы – 10%, Жаңаөзен қаласы – 8,6%, Мұнайлы ауданы – 6,8%, Қарақия ауданы – 3%, Бейнеу ауданы – 0,3%).

2021 жылғы қаңтар-маусымда Маңғыстау облысының Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректері бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 1320,4 млрд теңгеге өнім өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 94,1%-ды құрады.

Осы жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 4,6%-ға артып, 84,5 млрд теңгені құрады.

ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемінің қысқаруын ескере отырып, тау-кен өндіру саласында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеді. Болжамдарға сәйкес, осы жылы өңірде мұнай өндіру көлемі 16,8 млн тоннаны құрайды және бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артық (НКИ – 100,4%). 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 256,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне инвестициялардың нақты көлем индексі 106,4%-ды құрады.

 

Өңірді дамытудың басым бағыттары

2020-2025 жылдар кезеңінде Маңғыстау облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 2100-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 459 млрд теңгеге 24 жобаны іске асыру жоспарланған. 2020 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 241 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 29,8 млрд теңгеге 9 жоба пайдалануға берілді.

Анықтама:

1. Теңіз түбіндегі суды дайындау және айдау жүйесі, «Тоталь» компаниясы (8,6 млрд тг, 4 жұмыс орны, саласы – мұнай өнеркәсібі). 2020 жылғы 1 маусымда пайдалануға берілді.

2. Жаңаөзен қаласындағы «ҚазГӨЗ» ЖШС, «Оралмұнайөнеркәсіп» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру (5,4 млрд тг, 50 жұмыс орны, сала – энергетика, шығарылатын өнім – электр энергиясы). 2020 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға берілді.

3. Қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде құмшекер мен науат өндіру жөніндегі шағын зауытты салу және пайдалану, «Орда өндірістік компаниясы» ЖШС (278 млн тг, 35 жұмыс орны, сала – тамақ өнеркәсібі, шығарылатын өнім – қант, науат). 2020 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға берілді.

4. Қарақия ауданында «Жетібай» ЖЭС, «Сервис ЖЭС» ЖШС жел электр станциясының құрылысы. Қуаты 10 МВт/сағ. (1,9 млрд тг, 20 жұмыс орны, сала – энергетика, шығарылатын өнім – электр энергиясы). 2020 жылғы 9 желтоқсанда пайдалануға берілді.

5. Қарақия ауданында «Жетібай ЖЭС», «Жаңғыз ЖЭС» ЖШС жел электр станциясының құрылысы. Қуаты 5 МВт/сағ. (975 млн тг, 10 жұмыс орны, сала – энергетика, шығарылатын өнім – электр энергиясы). 2020 жылғы 9 желтоқсанда пайдалануға берілді.

6. Мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету және жөндеу цехын салу, «OSS Kazakhstan» ЖШС (1,1 млрд тг, 50 жұмыс орны, сала – машина жасау, шығарылатын өнім – бұрғылау жабдығы). 2020 жылғы 15 желтоқсанда пайдалануға берілді.

 

7. Мұнай-химия кешенінің құрылысы, «Onis Petroleum» ЖШС (7,5 млрд тг, 40 жұмыс орны, сала – мұнай химиясы, шығарылатын өнім – мотор майлары, химиялық өнім). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жарты жылдығы.

8. Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша жаңғырту (2-кезең), «Mangystau OiL Refining» ЖШС, Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы (2 млрд тг, 50 жұмыс орны, сала – мұнай химиясы, шығарылатын өнім – мазут, бензин, пеш отыны, дизель отыны). 2020 жылғы 31 желтоқсанда техникалық түрде пайдалануға берілді.

9. Ақтау қаласындағы «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, «Dynamics business technologies» ЖШС (1,9 млрд тг, 7 жұмыс орны). 2020 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді. 

2021 жылы 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 210,3 млрд теңгеге 9 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 1 жобасы іске асырылды.

Анықтама:

1. «Қаражанбас Солтүстік» кен орнының тауарлық мұнайын тасымалдау үшін мұнай құбырын салу, «Phystech II» АҚ (құны 3 млрд тг, 18 жаңа жұмыс орны). 2021 жылғы 7 шілдеде пайдалануға берілді.

Қалған жобалар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда:

2. Түпқараған ауданында құс фабрикасының салынуы, «Ақтау-Агро» ЖШС (құны 5 млрд тг, 91 жаңа жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылғы шілде.

3. Мұнайлы ауданында құрама жем зауытының құрылысы, «Жамалбек» ЖШС (құны 2 млрд тг, 20 жаңа жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жартыжылдығы.

4. Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» ауданында орналасқан көпфункционалды қонақ үй-туристік кешен құрылысының II кезегі. «Tethys AKTAU I» ЖШС-нің «Виллалары бар гольф-қонақ үйі» (құны 89,9 млрд тг, 216 жаңа жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жартыжылдығы.

5. Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» ауданында орналасқан көпфункционалды қонақ үй-туристік кешен құрылысының II кезегі. «TETHYS AKTAU II» ЖШС тақырыптық ойын-сауық паркі (құны 47,7 млрд тг, 256 жаңа жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жартыжылдығы.

6. Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» ауданында орналасқан көпфункционалды қонақ үй-туристік кешен құрылысының II кезегі. «TownCenter», «TETHYS AKTAU III» ЖШС сауда қатарлары (құны 34,9 млрд тг, 44 жаңа жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жартыжылдығы.

7. Полимерлік қаптама өндірісі бойынша зауыт құрылысы, «Достық полимер Плюс» ЖШС (жобаның құны 368,4 млн тг, 32 жаңа жұмыс орны, сала — химия өнеркәсібі, шығарылатын өнім — контейнерлер). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 4 тоқсаны.

8. Дайын өнім шығару бойынша жобалық қуаттылықты ұлғайта отырып, минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту (3-кезең), «ҚазАзот» АҚ (құны 6 млрд тг). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 4 тоқсаны.

9. Тәулігіне 17 000 текше метр тұзсыздандыру зауытының құрылысы, «СИТИК-Су Экологиясы Ақтау» БК ЖШС, ҚХР инвесторы CITIC Envirotech Ltd. (құны – 21,4 млрд тг, 40 жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 4 тоқсаны.

2022-2025 жылдар кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 218,9 млрд теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарланған.

  • 2022 жылы:

Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін жаңғырту (3-кезең), «Mangystau OiL Refining» ЖШС (құны – 10,6 млрд тг, 50 жұмыс орны).

Қарақия ауданында «TETHYS AKTAU IV» ЖШС этно-ауылының құрылысы (құны – 39,8 млрд тг, 132 жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 1 жартыжылдық.

  • 2023 жылы:

Кабельдер мен трансформаторларды өндіру зауытының құрылысы, «Ақтау-ЭнергоМаш» ЖШС, инвестор Әзербайжан «АТЕФ-компаниялар тобы» ЖШҚ (құны 9,1 млрд тг, 150 жұмыс орны). Пайдалануға беру мерзімі – 2021 жылдың 2 жартыжылдығы.

«Жездібассай» кен орнында катодты мыс өндіру, «Техногран Ақтөбе» ЖШС (жобаның құны 5,4 млрд тг, 150 жұмыс орны).

  • 2024 жылы:

Балық шаруашылығын дамыту, «Бөлекбаев» ЖК (құны 65,8 млн тг, 9 жаңа жұмыс орнын құрумен). 

  • 2025 жылы:

«Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы, «SEMURG INVEST» ЖШС (жобаның құны 154 млрд тг, 600 жұмыс орны).

Осы жылдың 6 айында тартылған инвестициялар көлемі 256,3 млрд теңгені құрады. Биыл 270 млрд теңгеге жуық сомаға 12 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 2600 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 

Жалпы, осы жылы Маңғыстау облысында 4 негізгі бағыт бойынша өңірді дамыту жоспарлануда.

Бірінші. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Екінші. Шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

Үшінші. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Төртінші. Бизнесті дамыту.

Осы іс-шараларды іске асыруға Маңғыстау облысына 12 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі – республикалық бюджет есебінен, 7 млрд теңгесі – мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен.

Бірінші бағыт шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 5,8 млрд теңге бөлінді. Бұл орта мектептер құрылысы, мектеп жанынан ғимарат салу, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы:

  • Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі, «Жаңақоныс» тұрғын үй алабында 600 орындық жалпы білім беретін мектеп салу;
  • Ақтау қаласы, «Шығыс-1» тұрғын алабында 300 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу;
  • №25 шағын ауданында 1 200 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы. 31а шағын ауданы, Ақтау қаласы;
  • №29 орта мектепке жапсаржай құрылысы. 32а шағын ауданы, Ақтау қаласы;
  • Ақтау қаласындағы «Жылы жағажай» ауданында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы.

Осы жобалар шеңберінде барлығы 590 жұмыс орны құрылады, оның ішінде жобаларды іске асыру кезінде 190 жұмыс орны және объектілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 жұмыс орны.

Екінші бағыт аясында 1 млрд теңге жеңілдікті шарттармен 6%-бен 238 микрокредит беруге жоспарланған. Шағын несие алушылар 472 жұмыс орнын ашады. Несиелеу «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші бағыт шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен жобаларын іске асыру көзделеді. Осы мақсатта 4,5 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында 10 инвестициялық жобаны қаржыландыру жоспарлануда. 418 жұмыс орнын құру көзделген.

Төртінші бағыт шеңберінде бизнес субъектілеріне жеңілдікті шарттармен кредиттер мен қарыздар беріледі. Сондай-ақ жарғылық капиталға инвестициялау және қаржылық емес қолдау ұсынылады. Бұл бағытқа 754 млн теңге қарастырылған.

Өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 87 млрд теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 121,1% құрады. 632,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсу қарқыны 100,3%).

Сонымен қатар облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша автожол жобалары белсенді жүзеге асырылуда. Биыл өңірде жалпы 245 шақырымды қамтитын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша 17 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта «Құрық-Жетібай» трассасына күрделі жөндеу жүргізілуде. Барлығы 69 шақырым жол жөнделеді.

2021 жылғы қаңтар-наурызда жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда бір қызметкерге орташа айлық жалақы 344 329 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 6,4%-ға артық.

 

Маңғыстау облысы — туристерді тарту орталығы

Туризмді дамыту тек өңір ғана емес, жалпы ел экономикасының басым салаларының бірі. Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы республиканың перспективалы туристік аймақтарының ТОП-10 қатарына кірді.

Өңірдегі туризм бағыттарының бірі – Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі учаскелерде теңіз курортын, жағажай туризмін дамыту болып айқындалған.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы тамызда «Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінің қолдауымен Ақтау қаласының «Жылы жағажайы» ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстың 1-кезеңі аяқталды. Осының арқасында 2020 жылғы шілдеде Rixos Water World Aktau қонақ үй кешенінің 1-кезеңі іске қосылды (2020 жылы қонақ үйге 78 000-нан астам адам келді), 68 млрд теңге инвестиция тартылды және 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, олардың 90%-дан астамын жергілікті халық құрайды.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы 91 орналастыру орны тіркелген. Туризм саласына 71,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Орналастыру бойынша қызметтер 4,3 млрд теңгеге көрсетілді. Өңірге туристік мақсатта барлығы 160 мың адам келді.

Rixos Water World Aktau отелінің ашылуы Маңғыстау облысының халықаралық беделін арттыруға мүмкіндік берді. Осындай ірі заманауи жобалардың арқасында олар аймақ туралы шетелде біледі. Сондай-ақ бұл экономиканың басқа да аралас салаларын дамыту, шағын және орта бизнесті, сервис және көлік қызметтерін, ауыл шаруашылығын және т. б. дамыту үшін зор мүмкіндіктер бере отырып, ішкі туризмді ілгерілету қарқынын арттыруға жаңа серпін береді.

Сумен, электрмен, газбен жабдықтау және автомобиль жолдарын салу бойынша инженерлік-көлік инфрақұрылымының 2 кезеңін іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Қазіргі уақытта перспективалы курорттық аймақты дамытудың 2 кезеңі іске қосылды. 180 млрд теңгеден астам сомаға «Tethys International HUB LTD» жеке компаниясының (тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда қатарлары, қонақ үйлер), BI Group холдингінің (виллалар мен апартаменттер кешені) және «Bazis-A» корпорациясының («Аквалина Резорт» курорттық-қонақ үй кешені) ірі жобалары іске асырылуда.

Осы жылдың шілде айында «Жылы жағажай» ауданында іске қосылатын жобалардың бірі – «Tethys Aktau II» ЖШС тақырыптық ойын-сауық паркі. 12,8 га жерде орналасқан тақырыптық ойын-сауық паркі келесі нысандардан тұрады: әлеуметтік қызметтер орталығы, горкалар мен аттракциондар («Snorri», «Power splash», «Interactive boat ride» және т. б.), карусель, шолу дөңгелегі, күндізгі және түнгі іс-шараларға арналған орындар, ересектерге арналған ойын-сауық аймағы, балаларға арналған ойын-сауық аймағы, алаңдар, фудкорттар, кафелер/мейрамханалар, бассейндер, автотұрақ. Жобаға салынған инвестиция сомасы 42,6 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар жыл соңына дейін мыналар іске қосылады:

- гольф-клуб, виллалар, «Fairmont» отелі, 300 нөмірлі көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені («Tethys Aktau I» ЖШС);

- «Town Center» сауда қатарлары («Тethys Aktau III» ЖШС); 

- виллалар мен апартаменттер кешені ( «Dream Village» ЖШС);

- «Aqualina RESORT» қонақ үй-тұрғын үй кешені («Caspian Plaza» ЖШС).

2021 жылдың алғашқы 5 айында орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 1 млрд теңгеге бағаланады. Өңірде барлығы 91 орналастыру нысаны тіркелген. Осы уақыт кезеңінде өңірге келген туристер саны 52 383 адамды құрады.

Каспийдегі жағажай маусымы мамырдан қыркүйекке дейін созылады. Туризмнің белсенді дамуына байланысты Маңғыстау елдегі жағажай туризмінің орталығы болып табылады. Бұған Каспий теңізінің жағалауында 10 демалыс базасының ("Tree of life", "Stigl", "Sunset", "Серебрянные пески", "Сая", "Комарово" және т. б.) жұмыс істеуі ықпал етеді. Мұнда теңізге қарайтын ыңғайлы екі және үш бөлмелі үйлер, коттедждер, спорт алаңдары, аквапарктер және басқа да ыңғайлы жағдайлар ұсынылған.

Бүгінгі күні қолайлы климаттық жағдайларға және өңір тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар қонақтардың да үлкен сұранысына байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, орналастыру орындары (қонақ үйлер, демалыс базалары және басқалар) көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.

Курорттық аймақтың, қолданыстағы базалардың жобаларынан басқа, экологиялық, киелі жерлер туризмін дамытуға бағытталған басқа да туристік нысандар бар, онда әдемі табиғи көрікті жерлерді көруге болады. Маңғыстау – көптеген қасиетті орындары, табиғи жауһарлары, бірегей тұрмысы мен ғасырлық дәстүрлері бар туризмді дамытудың бірегей әлеуеті бар өңір. Туризмді дамытуды одан әрі жандандыру және танымал ету үшін аймақтың табиғи көркінің барлық сұлулығын көрсетуге арналған туристік бағыттар анықталды.

Бірінші бағыт — Қарақия ауданы, Бозжыра шатқалы (Ақтау қаласынан Бозжыраға дейінгі қашықтық 300 км құрайды). Шатқалға барар жолда Қарақия ойпатына, Жаңаөзен қаласына, Түйесу құмдарына баруға болады;

Екінші бағыт — Түпқараған ауданы, «Сартас» бағыты (Ақтау қаласынан Сартас жеріне дейінгі қашықтық 135 км құрайды). Маршрутқа Жығылған мүйісіне, Форт-Шевченко қаласына, Қапамсай каньонына, Сұлтан-епе, Шақпақ ата жер асты мешіттеріне бару кіреді.

Үшінші бағыт — Маңғыстау ауданы, «Көгез» этноауылы (Ақтау қаласынан «Көгез» этноауылына дейінгі қашықтық 170 км құрайды). Маршрутқа «Көгез» этноауылына, Торыш шатқалының шар конкрецияларына, Шерқала тауына, Айрақты тауларына, Қызылқала қалашығына, Ақмыш шатқалына және т. б. бару кіреді.

Қазіргі уақытта Бозжыра шатқалына баруды көздейтін бірінші бағыт белсенді дамуда. Бозжыра жартастың түбінде орналасқан. Бұл бағыт туристер арасында ең танымалы және сұранысқа ие. Көптеген жылдар бойы бұл бағыт тек экспедициялық мақсаттарда пайдаланылды.

Туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристер ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, экономиканың аралас салаларын дамытуға ықпал ететін болады, бұл сайып келгенде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

 

Маңғыстау облысында апатты мектептер жоқ

Өңірге әлеуметтік саланы дамытуға 147,2 млрд теңге, оның ішінде білім беруге – 115,3 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 6,8 млрд теңге бағытталды. 

Облыста 323 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олармен 38,8 мың бала қамтылған. 2020 жылы 865 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды (Ақтау қ. – 715 орындық 8 балабақша, Мұнайлы ауданы – 150 орындық 2 балабақша).

Облыста апатты мектептер жоқ. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі 66% құрайды. Қазіргі уақытта жеке сектордың дамуы арқасында балабақшалар желісі өсуде. 2021-2025 жылдар аралығында 102 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда. Биылғы жылы 1490 орындық 19 жекеменшік балабақша ашылуы тиіс. Бүгінгі таңда 800 орындық 13 балабақша пайдалануға берілді. Қалған 6-уы жыл соңына дейін ашылады.

Өңірдегі барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Өткен жылы жергілікті бюджеттен 125,6 млн теңге бөлінді. 94 мектепте бейнебақылау жүйесі қолданыстағы нормаларға сәйкес келтірілді. 45 мектепте дабыл түймелері орнатылған. 51 балабақша, 43 мектеп және 9 колледж мамандандырылған күзетке ие, 98 мектепте күзет қызметкерлері жұмыс істейді. 

Үш ауысымды оқыту мәселесін жою үшін осы жылы 3 мектептің және мектептерге жапсарлас үш ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ақтау қаласының 34 шағын ауданында 1200 орындық мектеп және «Шығыс-1» шағын ауданында 300 орындық мектеп іске қосылғаннан кейін №28 және №29 мектептерде үш ауысымды оқыту мәселесі шешілетін болады. Қазіргі уақытта 12 451 орын тапшылығы бар. 15 мектепте үшінші ауысымда 3 826 бастауыш сынып оқушысы оқиды.

2025 жылға дейінгі жол картасын іске асыру барысында 28 нысан іске қосылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу