Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды

Сәрсенбі, 08 Қыркүйек 2021, 12:41:21

2021 жылғы 7 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті. Отырысқа ҚР ДСМ министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов қатысты.

Алқа отырысы барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелері, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын қалыптастыру тәсілдері, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және ҚР биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру және медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атап өткендей, елдің денсаулық сақтау жүйесі КВИ пандемиясына байланысты туындаған сын-қатерлерге екінші жыл қарсы тұруда. Қабылданған шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Республикада халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда, Денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурстары жұмылдырылды.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға 49 705 медицина қызметкері, резервке 9 100 медицина қызметкері жұмылдырылды. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру 11 мың 800 маманмен қамтамасыз етілді. Өңірлерге 4 641 жас маман бөлінді. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы: дәрігерлерге 30%-ға, орта медицина қызметкерлеріне 20%-ға өсті. Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақындату үшін мобильді медицина белсенді түрде енгізілуде. 2021 жылдың соңына дейін жылжымалы медициналық кешендердің күшімен 2,6 млн адамды қамту жоспарлануда», — деді А. Цой.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде бірқатар шешім іске асырылды, соның арқасында қан алуды ресімдеу уақыты 2,5 есе, учаскелік дәрігерге және бейінді мамандарға жазылу 5 есе, зертханалық және диагностикалық зерттеулерге жолдамалар тағайындау 3,5 есе, үйге шақыруларға қызмет көрсетуді ресімдеу және зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу 5 есе қысқартылды.

Жасалған жағдайға қарамастан, күрделі эпидемиологиялық ахуал және елдің денсаулық сақтау жүйесі тап болатын сын-тегеуріндерге жаңа шешімдерді талап етеді. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдету қажеттігін атап өтті, сондай-ақ биоқауіпсіздікті болжаудың ұлттық жүйесін құруға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге, 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды дамытуға бағытталған бірқатар басқа да тапсырмалар берді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында берген барлық тапсырмаларын денсаулық сақтау министрлігі көрсетілген мерзімде іске асыратын болады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, министрлік бір жарым жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырып келеді, ол қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасына айналуда. 

Мемлекеттік бағдарлама биыл төрт мақсатты индикаторға қол жеткізуге бағытталған. Бұл күтілетін өмір сүру ұзақтығының 73,3 жасқа дейін артуы, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулардан және қант диабетінен мезгілсіз өлім-жітім қаупінің деңгейін 18,1%-ға дейін төмендету, 100 мың тірі туғандарға ана өлімін 16,8-ге дейін төмендету, 1 мың тірі туғандарға нәресте өлімін 9,9-ға дейін төмендету.

«Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама нәтиженің 31-ші көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде 2021 жылы 17-сі жоспарланған», — деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Сонымен қатар М. Шоранов 2021-2025 жылдарға арналған «сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын жариялады, ол 4 бағыттан тұрады, 8 міндет пен 20 көрсеткішті қамтиды.

Ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламаның дәйекті қабылдаушысы болады. Оның айтуынша, бұл жоба мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсілді имплементациялай отырып, жобалық басқару тетіктерін пайдалана отырып іске асырылатын болады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін сақтандыру компанияларының өтемақы төлеу, сондай-ақ жанжалдар мен дауларды сотқа дейінгі медиативтік реттеу мүмкіндігімен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін әзірлеуде.

Сондай-ақ оның айтуынша бүгінде қоғамда медицина қызметкерлеріне әділетсіз қарым-қатынас байқалады. Халықаралық тәжірибеде медицина қызметкерлері жоғары құрметке ие және практикалық қызметті қылмыстық сипаттан арылту арқылы кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесімен қорғалған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Министрлік медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. Сонымен бірге, пациенттер үшін зиянды өтеуге мемлекет кепілдік берген құқықтарды іске асыру үшін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу қажет. Мұндай тәсіл көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және жалпы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының халықаралық аренадағы рейтингіне әсер етеді», — деді А. Ғиният.

Заң жобасын әзірлеу үшін 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерге, сондай-ақ 2017-2020 жылдары медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Статистикаға сәйкес, жыл сайын медициналық қызметкерлерге қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. 

Алдыңғы жылдардың тәжірибесін ескере отырып, халықаралық тәжірибені талдау негізінде, сондай-ақ жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың және сақтандыру компанияларының қатысуымен жүргізілген талқылаулардың қорытындылары бойынша жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін жүктелген сақтандыру моделі қабылданды, жұмыс беруші – медициналық ұйым сақтанушы болады, ал медицина қызметкерлерін лицензиялауды енгізу болашақта медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді. 

«Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде төлем жүргізілмейді», — деп атап өтті вице-министр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде уәкілетті органның сақтандыру жүйесін реттеу бөлігінде құзыретін кеңейту, жергілікті атқарушы органдардың медицина қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік шаралар қабылдау бөлігінде құзыретін кеңейту, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде Денсаулық сақтау субъектілерінің жауапкершілігін арттыру және шағымдарға талдау жүргізу кезінде ішкі аудит қызметінің рөлін күшейту ұсынылады.

Қазіргі уақытта заң жобасының тұжырымдамасы ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес келісу кезеңдерінен өтуде.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 83,5%-ы медициналық сақтандырудың қатысушылары болып табылады, яғни 15,85 млн адамды құрайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Басқрама төрағасы Қор тарапынан Қазақстан Республикасының МӘМС туралы Заңына сәйкес соңғы 3 айда төлем жүргізген 38 мың азаматты МӘМС жүйесіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілгені, сондай-ақ дербес төлеушілер бойынша МӘМС жарналарын төлеуге қатысты шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Бұл ретте МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалып отыр, бұл халықтың осы бөлігі үшін МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігіне байланысты белгілі бір проблемаларды туғызады. Бірақ жүйеден тыс қалғандар да әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет алуға құқылы», — деп Қор басшысы өз сөзінде айтып өтті.

Сақтандырылмағандардың ішінде 1,6 млн адам – МӘМС үшін тұрақсыз төлем жасағандар. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынған, бірақ тұрақты түрде емес, сол себепті берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ болып есептеледі. Өйткені БЖТ немесе жарнаның дербес төлеуші ретіндегі бірлі-жарым төлемдері МӘМС пакетінде барлық 12 ай бойы медициналық қызметтерді алуға құқық бермейді. Төлемдердің жүйелілігін сақтау әрқашан маңызды.

Тағы 1,5 млн адам МӘМС үшін бір рет болсын жарна төлемеген. 

Болат Төкежановтың айтуынша, 2021 жылдың басымен салыстырғанда сақтандырылған қазақстандықтардың саны 2%-ға немесе 328 038 адамға азайған. Қор басшысының мәліметінше, сақтандырылмаудың жоғары көрсеткіші Қостанай (23,2%), Алматы (22,3%), Түркістан (21,8%) және Жамбыл (20,2%) облыстарының тұрғындары арасында байқалуда. 

Болат Төкежанов осы бағыттағы бірқатар проблеманы атап берді, олардың ішінде ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты сәйкестендіру мен өзектендіруді, жұмыссыздар үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қолжетімсіздігін және жалдамалы қызметкерлердің МӘМС жүйесінен түсіп қалуын айтты.

«Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келетін болсақ, олар бойынша МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін автоматты түрде беру үшін Қордың ақпараттық жүйелерін ҚР ІІМ КҚК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесі пысықталуда», — деп атап өтті ол. 

Жоғарыда аталғандарға байланысты, Қор басшысы атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың, Атамекен ҰКП мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының белсенді қатысуымен халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтар жұмысының тиімділігін арттыру қажет.

Сонымен қатар Қордың COVID-19-дың таралуын болдырмаудағы, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеудегі іс-шараларды қаржыландырудағы рөлін атап өту маңызды. І жартыжылдықта КВИ-мен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға барлығы 219 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 197,6 млрд теңге ТМККК қаражаты есебінен, 21,4 млрд теңге МӘМС есебінен жасалынды. Оның ішінде медициналық қызметтер үшін жұмсалған қаржы 112,8 млрд теңге, ал COVID-ке қарсы күрес шараларына тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы 106,2 млрд теңгені құрады.

Қор басшысы айтып өткендей, дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету 2020 жылдың наурыз айынан бастап үш тәуекел тобы бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі үшін төленетін үстемеақылар түрінде көрсетіледі: I топ – 850 мың теңге; II топ – 425 мың теңге; III топ-212,5 мың теңге. Осы жылдың маусым айына дейін осы мақсаттарға шамамен 229 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап дәрігерлерді басым түрде вакцинациялаудың арқасында (қамту 100% - ға жуық) олардың арасындағы аурудың қаупін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілгені туралы айтылды. Осыған байланысты тамыз-қыркүйек айларында ауруды жұқтыру қаупі үшін үстемеақылар төлеу әрбір тәуекел тобы үшін белгіленген мәндердің 50% мөлшерінде жүргізілетін болады. (I топ-425 мың теңге; II топ – 212,5 мың теңге; III топ-106,25 мың теңге).

«Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді ендігі ынталандыру бойынша үстемеақылар жүйесі үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады», — деп атап өтті Болат Төкежанов.

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені үшін төмендегі қызметкерлер қосымша ақы алатын болады:

  • инфекциялық стационарлардың, провизорлық және карантиндік стационарлардың дәрігерлік, орта және кіші медициналық персоналы;
  • дәрігер-реаниматологтар;
  • дәрігерлік персонал, орта медициналық персонал және ЖМК, МСАК мобильді бригадаларының, медициналық авиацияның жүргізушілері;
  • шұғыл стационарлардың, МСАК ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері; сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері;
  • СЭС вирусолог-дәрігерлері мен зертханашылары; СЭС дәрігер-бактериологтары мен зертханашы-бактериологтары, СЭС сынамаларын қабылдау және іріктеу жөніндегі ЖМК және дәрігерлері, СЭС жүргізушілері, санитарлары және дезинфекторлары.

Кәсіптік тәуекелдер үшін берілетін қосымша ақы 14 қызмет үшін белгіленген лауазымдық жалақы мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып жүргізілетін болады. 

Жоғарыда аталған қызметтерден басқа, оларға босандыру қызметінің, стационардың педиатриялық қызметтің, пульмонологиялық қызметтің, ядролық медицинаның, сәулелік диагностика қызметінің, патологоанатомиялық қызметтің, МСАК қызметінің медицина қызметкерлері де қосылады.

Аталған өзгерістерге байланысты жалақы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің басым мамандықтары бойынша ұлғайтылатын болады (қосымша ақының мөлшері ең төменгі жалақының 1,5-тен 6-ға дейінгі мөлшерін немесе 63 750 теңгеден бастап 255 000 теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды).

Бірінші жартыжылдықта ең көп түсім әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санатындағылар үшін мемлекеттің төлеген жарналары болып табылды. ӘМСҚ басшысы мәлімдегендей, 2021 жылдың І жартыжылдығында 372,8 млрд теңге түсті, бұл жылдық жоспардан түсетін түсімдер жоспарының 53%-на сәйкес келіп отыр.

 Осылайша, түсімдердің жалпы сомасынан алғанда:

  • Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары – 182,1 млрд теңге. 2020 жылы осы кезеңге 146,6 млрд теңге түсті.
  • Жұмыс берушілердің аударымдары 94,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 76 млрд теңгені құрап отыр.
  • 2021 жылдың І жартыжылдығында қызметкерлер 81,8 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылы бұл сома 31,3 млрд теңгені құрады.
  • Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 7,7 млрд теңгені құрады. Төлеушілердің осы санатымен 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде 3,2 млрд теңге төлем жасалынды.
  • Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар МӘМС үшін 3,1 млрд теңге төлем төледі. 2020 жылы аталған көрсеткіш 0,8 млрд теңгені құрады. БЖТ төлеушілер өткен 6 айдың көлемінде медициналық сақтандыру жүйесіне – 760 млн теңге, 2020 жылдың осындай кезеңінде – 1,9 млрд теңге төлем жасады. 

Өзіне-өзі төлеушілер санаты 2021 жылдың 6 айында МӘМС үшін 3 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 180 млн теңгені құрады.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда медициналық көмектің бірқатар бағыттарының көлемі өсті. Бұл жалғасын тауып жатқан коронавирустық пандемия жағдайында да денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуге бейімделгендігін көрсетіп отыр. 

Осылайша, емханалар деңгейінде көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің көлемі ұлғайды. Консультациялар мен диагностикалық қызметтер саны 2020 жылмен салыстырғанда 31%-ға артты. Барлығы 70 млрд теңге сомасына 41,1 млн қызметтің түрі көрсетілді, бұл 2020 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 12,7 млн-ға артық болып отыр.

Сонымен қатар МӘМС амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді. Науқастардың тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін аурулар тізімі 45-тен 138-ге дейін кеңейтілді.

«Бұл жерде, ақпараттық жүйелерде жан басына шаққандағы нормативпен (МСАК, мектеп медицинасы) қаржыландырылатын көрсетілген қызметтер бойынша деректер толық көлемде енгізілмеген. Медициналық ұйымдардың барлығы аталған қызметтер бойынша деректерді толық енгізуі қажет», — деп атап өтті Қор басшысы.

Сонымен қатар Болат Төкежанов мамандандырылған медициналық көмекке тоқталып өтті. Мәселен, өткен жартыжылдықта медициналық сақтандыру есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 434,3 мыңнан астам пациент ем алды. Бұған МӘМС жүйесіне барлық стационарлық көмекті қаржыландыру көлемінің 51,2%-ы бағытталған.

«Медициналық ұйымдарда 376 мың ота жасалды. Жоспарлы емдеуге жатқызуды 10 күн күтетін пациенттердің саны 42%-ға қысқарды», — деп мәлімдеді ӘМСҚ басшысы.

Б. Төкежанов сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды ынталандыруды жалғастырып отырғанын айтты. Осы ретте осы қызметтер бойынша Өнім берушілер саны 20 есеге, 64-тен 618-ге дейін өсті, ал көрсетілген қызметтерді қаржыландыру көлемі 22 млрд теңгеден асты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.