«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жұртшылық пен БАҚ-ты халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау және қайта вакциналау туралы хабардар етті, сондай-ақ «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. 

Алексей Цой өз сөзінің басында Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал:

  • CoronaVac, Sinovac өндірген, Қытай;
  • VeroCell, Sinopharm өндірген, Қытай.

«Сонымен қатар, Pfizer-BioNTech вакциналарын жеткізу жоспарлануда. Компаниямен келісімшартқа қол қойылды, вакцина жеткізіледі деп күтілуде», — деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес халықты вакцинамен басқарылатын аурулардан иммундау бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда. Министрлік ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп халықты қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі. Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:

  • векторлық вакциналармен вакцина алған тұлғалар үшін – әсерсіздендірілген немесе м-РНҚ вакцинасымен 9 айдан кейін ревакциналау;
  • әсерсіздендірілген вакциналармен вакциналанған адамдар үшін – векторлық немесе м-РНҚ вакцинасымен 6 айдан кейін ревакциналау;
  • М-РНК-вакцинамен вакцина алған адамдар үшін – 6 айдан кейін әсерсіздендірілген немесе векторлық вакцинамен ревакциналау.

«Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі тапсырмалары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқанын атап өту қажет», — деді А. Цой.  

Ұлттық жобада еліміздің стратегиялық құжаттары ескеріледі:

  • жалпыұлттық басымдықтар; 
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары; 
  • Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы. 

Ұлттық жоба ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құқықтық мирасқоры болып табылады және 2025 жылға дейін нақты, қол жеткізуге болатын міндеттерді қамтиды. Сонымен қатар, министрлік саланың ұзақ мерзімді перспективалары мен операциялық қызметін көрсететін денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде.

Жалпыұлттық жоба мыналарды қамтитын 4 бағыттан тұрады:

  • бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының артуымен байланысты;
  • екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған;
  • үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ететін болады;
  • төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Әр бағыт бойынша міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері белгіленген. 

«Ұлттық жобаны» әзірлеу кезінде біз көптеген адамдардың, атап айтқанда медициналық қоғамдастықтың, кәсіпкерлердің, азаматтық қоғамның, денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлер кеңесінің және басқалардың пікірін ескердік», — деді Алексей Цой.

Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді; ауылдық елді мекендер, оның ішінде тірек және серіктес ауылдар медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен 100%-ға қамтамасыз етіледі; кемінде 40 денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми орталықты жаңғырту; ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту мүмкін болады.

Жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында:

  • біріншіден, жүкті әйелдерді жеке және аралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту;
  • екіншіден, 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтамасыз ету;
  • үшіншіден, 8 балаларды оңалту орталығын және 2 ерте анықтау орталығын қосымша ашу жоспарлануда, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды 3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты, сондықтан ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында аса тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының саны 3800-ге дейін, сондай-ақ әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылған дәрігерлердің саны ұлғайтылатын болады. Пандемия Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту қажеттілігін көрсетті. Ұлттық жобаның екінші бағыты шеңберінде биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының үлесін 61%-дан 90%-ға дейін ұлғайту, ҚР Парламент Мәжілісіне енгізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңын қабылдау, сондай-ақ ұлттық және жаһандық тәуекелдерге болжамдау мен ден қоюдың ғылыми негізделген жүйесін енгізу жоспарлануда.

Үшінші бағытта Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмалары ескерілді, олар мүмкіндік береді: 

  • жергілікті фармацевтикалық нарықта ДЗ және отандық өндірістің медициналық бұйымдарының үлесін 50%-ға дейін арттыруға; 
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті қамтуы бар ДЗ және МБ атып алу үлесін 50%-ға дейін арттыруға; 
  • халықаралық стандарттарға сәйкестікке аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың үлесін арттыруға; 
  • ДЗ және МБ шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосуға; 
  • ұлттық реттеушіні ДДСҰ бенчмаркингінің кемелденуінің 3-ші деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 

Төртінші бағытты іске асыру мүмкіндік береді: 

  • халық арасында темекі шегудің таралуын 19%-ға дейін төмендетуге; 
  • салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 45%-ға дейін ұлғайтуға;
  • дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын 50%-ға дейін арттыруға; 
  • халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 1 000 адамға 53%-ға дейін арттыруға; 
  • дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесін 14%-ға дейін ұлғайтуға. 

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде келесі әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізу жоспарлануда:

  • біріншіден, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру арқылы адамның өмір сүру сапасын жақсарту және белсенді ұзақ өмір сүруге қол жеткізуге; 
  • екіншіден, халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыруға; 
  • үшіншіден, экономикалық аспектіде денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды 783 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға.

«Бұл 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық фармацевтикалық өнімнің үлесін 50%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді Алексей Цой.

Осылайша, ұлттық жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадр әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ, ұлттық жоба эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы вакциналаудың қазақстандық паспортын қай елдер танығанын айтты.

«Әр ел коронавирусқа қарсы вакциналау паспорттарын өзара тануға қойылатын өз талаптары мен тәсілдерін әзірлеуде. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», — деді А. Цой.

Сонымен қатар, ол осы уақытқа дейін Қазақстан бірқатар мемлекеттермен вакциналау паспорттарын өзара мойындағанын хабарлады. Олардың қатарында Грузия, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Үндістан, Молдова, Таиланд, Түркия, Беларусь, Филиппин, сондай-ақ Вьетнам, Египет және Оман бар.

«Қазір әр мемлекетпен кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Өздеріңіз көріп отырсыздар, әр жолы көбірек мемлекеттер біздің елдің вакциналау паспорттарын мойындап жатыр. Бұл жұмыс жалғасуда», — деді Денсаулық сақтау министрі.

Министр сондай-ақ, Қазақстан ішінде шығарылатын вакциналар тегін вакциналар болып қала беретінін айтты.

«Біз Қазақстанда басқа елдерге қарамастан, клиникалық тиімділігі дәлелденген өз вакцинамызды шығара аламыз деп болжап отырмыз, біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген көлем аясында өзімізде сатып алатын боламыз», — деді А. Цой.

Бұл ретте қалған вакциналар, сондай-ақ бүгінгі күні қалған екпелер – тұмау бойынша тәрізді, коммерциялық айналымға, яғни нарыққа жіберіледі.

«Біз қазір компанияларды осы вакциналарды Қазақстан нарығына жеткізіп, өз қызметтерін ұсыну үшін үгіттеп жатырмыз», — деді денсаулық сақтау министрі.

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов вакциналаудан кейін 21 813 адам ауырғанын хабарлады. Оның ішінде вакцина алғаннан кейін ауырғандардың ең көп саны: «Спутник V» - 18 мың, QazCovid-In алған соң 436 адам, Sinopharm алғаннан кейін 2 173 адам, CoronaVac алғаннан кейін 603 адам ауырып қалған.

Е. Қиясовтың айтуынша, Pfizer вакцинасын алғаннан кейін ауырғандар туралы мәліметтер де бар. Осы вакцинаны алғаннан кейін 17 адам коронавируспен ауырды, олар бас мемлекеттік дәрігердің айтуынша, шетелде Pfizer алған.

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният COVID-19-дан 12 аптадан астам уақыт өткеннен кейін адамдар жүрек-тамыр, жүйке және эндокриндік жүйе тарапынан асқынуларға шағымданады деп хабарлады.

«Дәрігерлер жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынулары орын алғанын байқап отыр – бұл миокардит, жүрек ырғағының бұзылуы, перикардит. Эндокриндік жүйенің бұзылуы, қант диабеті дамиды, қалқанша без жұмысының бұзылуы байқалады. Жүйке жүйесінің бұзылыстары байқалады – бұл біз айтып отырған когнитивті бұзылулар: апатия, ұзақ уақытқа созылған әлсіздік, ұйқының бұзылуы», —  деп қосты ол.

Мұндай науқастар үшін елде постковидті синдромды немесе коронавирус ауруының ұзақ ағымын емдеудің клиникалық хаттамасы жасалды. Бұл бұзылуларды пульмонологтар, кардиологтар және неврологтар кіретін дәрігерлердің көп салалы тобы емдейді. 

«Бүгінде дәрігерлердің мұндай хаттамасы бар және емдеу басталды», — деді А. Ғиният.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу