Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді

Сәрсенбі, 27 Қараша 2019, 19:39:47

Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қырғызстанға жасаған сапарының ерекше маңыздылығын атап өтіп, елдерімізді ежелден жалғасып келе жатқан тығыз достық байланыстарымыз, терең тамырымыз, тіліміз бен мәдениетіміз біріктіретінін айтты.

Қазақстан Президенті өз сөзінде одақтастық әрі стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткен екіжақты байланыстарды дамытуға Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбековтің қосқан үлесіне тоқталды.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы саяси ерік-жігер танытып, екі ел үшін де маңызды саналатын мемлекеттік шекараның құқықтық мәртебесін бекітті. Бұл Қазақстан мен Қырғызстанның бүкіл әлем қоғамдастығына тату көршілік рухының жарқын үлгісін көрсетті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Қазақстанның Президенті ретінде көпжақты қазақ-қырғыз ықпалдастығын дамыта беруге ниетті екеніне назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған Бірлескен декларация соның айқын дәлелі.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса назар аударылғанын мәлімдеді.

«2015-2018 жылдары екіжақты тауар айналымы 30%-ға артып, $900 млн жуықтады. Соның нәтижесінде еліміз Қырғызстанның жетекші сауда серіктесіне айналды және Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші орынды берік иеленіп отыр. Өз кезегінде Орталық Азия елдері ішінде Қырғызстан – Қазақстанның екінші сауда серіктесі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте, Қазақстан Президенті тауар айналымын $1 млрд жеткізу міндетіне айрықша тоқталды. Келіссөздер барысында кәсіпкерлер тұрақты түрде тікелей байланыс орната алатын арнайы алаң құру бастамасы талқыланды.

«Қазақстан мен Қырғызстанның өңіраралық форумын өткізу тәжірибесін енгізу осының бір мысалы бола алады. Үкіметтерге бұл ұсынысты пысықтау тапсырылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті өзара сауда-саттықтың шамамен 50%-ын құрайтын шекара маңы ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Экспорт-импорт операцияларын қолдап, ынталандыру үшін Қазақстан тауарларды рәсімдеу және дайындау жөніндегі логистикалық орталық құруды ұсынып отыр. Бұл жобаның іске асырылуы елдеріміздің аумағында әкімшілік рәсімдерді жеңілдетіп, тауарларды жылжытуға айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Су және энергетика саласындағы мәселе – кездесудің маңызды бөлігі. Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердегі су ресурстары ортақ байлығымыз деп санайды.

Келіссөздер барысында екі ел басшылары мәдени-гуманитарлық саланы одан әрі дамытудың перспективаларын жеке мәселе ретінде қарастырды. Атап айтқанда, алдағы уақытта елдеріміздің өзара Мәдени күндерін ұйымдастыру ұсынылды. Соңғы рет мұндай шара алты жыл бұрын өткізілген болатын.

Қазақстан Президенті келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған екіжақты құжаттарға баса мән беріп, жалпы сипаты бойынша серіктестігімізді нығайтуға тың серпін беретін Ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына ерекше тоқталды.


Жаңалықтар тізбегі
25 Маусым 2021, 18:51
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
25 Маусым 2021, 12:58
Қарағанды облысында ШОБ үлесі жыл сайын артып келеді —  Ж. Қасымбек
25 Маусым 2021, 12:51
Ж. Қасымбек: Моноқалалардағы экономика құрылымын әртараптандыру қажет
25 Маусым 2021, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы
24 Маусым 2021, 19:37
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
24 Маусым 2021, 16:45
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 
24 Маусым 2021, 16:11
Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.