Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің Мемлекет басшысының 01.09.2021 ж. Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, министр Қаржы министрлігі әзірлеп жатқан пилоттық жобалардың тиімділігіне қатысты түсінік берді. Қаржы министрлігі қазір қанша пилоттық жобаны әзірлеп жатыр? Соңғы үш жылда оларды іске асыруға қанша қаржы жұмсалды және оларды жүзеге асыру кезінде бюджетке қанша қаражат түсті?

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қаржы министрлігінде 5 пилоттық жоба әзірленуде. Олар — «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар», «Акцизделетін тауарларды таңбалау», «ЭШФ пайдалана отырып ҚҚС әкімшілендіру», «Көлденең мониторинг», «Tax free». Аталған пилоттық жобаларға жеке бюджет қаражаты көзделмеген. Жобалар адал салық төлеуші қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін түсіну үшін салық төлеушілермен кері байланыс орнату мақсатында әзірленеді. Болашақта бұл пилоттық жобалар салықтық әкімшілендіруде қолданылады. Мысалы, таңбалау бойынша және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобалар шеңберінде бөлшек сауда өкілдерін Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобаларына қатысудан босату көзделеді.

Министрдің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық пилоттық жобалары тұрақты негізде бизнес-қоғамдастықпен талқылауға шығарылады, қазірдің өзінде көптеген ұсыныстар қабылданды. Барлық пилоттық жобалардың ұсынылып отырған тетіктері олардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленді, олардың нәтижелері бойынша іске асырылған функционал жетілдіріледі және пилоттық жобалар туралы бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі.

Бизнес-қоғамдастықпен талқылау үшін әрбір пилоттық жоба туралы бұйрықтардың жобалары көпшіліктің талқысына салу үшін legalacts.egov.kz сайтына орналастырылады және оған жұртшылықтың пікірін ескере отырып, өзгерістер енгізіледі.

Жалпы, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және оны цифрландыру есебінен соңғы 3 жылда бюджетке қосымша 2 трлн теңгеге жуық қаржы түсті.

Министр сондай-ақ, министрлік кез келген сындарлы сынды қалыпты қабылдайтынын және диалог орнатуға әрқашан дайын екенін атап өтті.

Мысалы, бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді жою туралы сынға қатысты министр мораторий Президенттің Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жалғасатынын түсіндірді. Ал жекелеген тексерулер жүргізу кезінде министрлік жосықсыз кәсіпкерлерді тексеру қажеттігі бөлігінде ғана мәселені көтерді.

Мысалы, азаматтардан фискалдық чектердің берілмеуі туралы шағымдар келіп түсті.

«Бүгінде бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша үн қату тетігі жоқ. Мұндай жағдайлар көп және мұны азаматтардың чектердің берілмеуі туралы шағымдарының динамикасы көрсетіп отыр. Мысалы, 2020 жылы чектердің берілмеуі туралы 19 мыңнан астам өтініш келіп түсті», — деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, онлайн БКМ бар салық төлеушілердің 50%-ы кассалық чектерді ұрмайды.

Бизнесті тексеруге мораторий жалғасуда, ал жосықсыз кәсіпкерлердің бұзушылықтарына үн қатуда қажетті тетік пысықталуда.

«Ұсыныстарды бизнес-қоғамдастық және қажет болған жағдайда Парламент депутаттары талқылайтын болады», — деп сендірді Е. Жамаубаев.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу