Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

Сейсенбі, 24 Наурыз 2020, 22:41:56

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясының таралуын ауыздықтау жөніндегі Қытай басшылығының батыл әрі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.

«Бүкіл әлем Қытай медицинасының зор әлеуеті мен дәрігерлерінің жоғары кәсібилігіне тәнті болды. Жалпы, Қытай Сіздің басшылығыңызбен орталықтандырылған басқарушылық жүйенің зор әлеуетін және дағдарыс жағдайын тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестік бағытын одан әрі нығайта беруге ниетті екенін жеткізді. Оның пікірінше, осы орайда былтыр қыркүйекте Бейжіңде қол қойылған Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді және жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияның мәні зор.

«Көршілес елдерімізбен арадағы осындай ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай халықтарының ежелгі мүдделеріне сәйкес келеді деп сенемін. Біз экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді әрі пайдалы жобалар жасауға күш салуымыз қажет», - деп санайды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екі елдің БҰҰ-дағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестегі табысты ынтымақтастығын оң бағалап, сондай-ақ, «Бір белдеу - бір жол» мега жобасының аясында Ұлы Жібек жолы тұжырымдамасын одан әрі іске асыру барысындағы іс-қимылдардың маңызы зор екенін атап өтті.

Си Цзиньпин коронавирустың таралуы барлық ел үшін күтпеген сынақ болғанын айтты. Қытай пандемияға қарсы әлемдік күреске үлкен үлес қосты. Қытай басшысы бұл істе әлі толық жеңіске жеттік деп санамайды. Індеттің екінші мәрте қайталанбауы үшін қосымша шешімдер қабылдау қажет. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен оның басшылығына Қытайға коронавируске қарсы күресте көрсеткен нақты қолдауы үшін ризашылық білдіріп: «Сіздер «дос қиын сәтте сыналады» деген мақалдың дұрыс екенін анық көрсеттіңіздер. Қытай өз тарапынан Қазақстанды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, гуманитарлық көмек көрсетуге дайын», - деді.

Қытай мемлекетінің басшысы Қазақстан Президентінің төтенше жағдай кезіндегі көшбасшылық қасиетін жоғары бағалап, оның батыл әрі дер кезінде қабылданған шараларына тоқталды. Си Цзиньпиннің айтуынша, пандемияда мемлекеттік шекара деген болмайды, бүкіл әлемге өте жылдам қарқынмен таралуда. Сондықтан «Адамзаттың тарихи тағдыры бір» тұжырымының өзектілігі артып келеді. Аталған тұжырымға сәйкес барлық мемлекет күллі халықаралық қоғамдастықты өркендету жолында күш-жігерін біріктіруі тиіс.

«Індет келеді, кетеді. Ал достық пен ынтымақтастық - мәңгілік құндылықтар», - деді ҚХР Төрағасы.

Оның пікірінше, Қытай мен Қазақстан барлық саладардағы, әсіресе қаржы, индустриялық және цифрлық технологиялар сияқты маңызды бағыттардағы ынтымақтастықты арттыра алады.

Әңгіме соңында Си Цзиньпин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүрек жарды сәлемін жолдады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесу кезінде тараптар әлемдегі ахуалдың қазіргідей жауапты кезеңінде өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның кең көлемдегі халықаралық ынтымақтастықты реттеу және коронавирус пандемиясына қарсы күресте жекелеген мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі бастамаларын Қазақстанның қолдайтынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, БҰҰ Бас хатшысының жаһандық келісім жариялау, барлық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату туралы жуырда айтқан ұсынысы өзекті бастама және барлық қатысушы мемлекеттердің қолдауына лайықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш әлемдік ұйымның құрылғанына 75 жыл толуына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы мерекелік сессиясына дайындық мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін толық қолдайтынын, бірегей әрі баламасы жоқ институтты одан әрі дамыта беруге атсалысатынын айтты.


Жаңалықтар тізбегі
27 Шілде 2021, 17:55
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады
27 Шілде 2021, 15:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстанның көлік министрі И. Махкамовпен кездесті
26 Шілде 2021, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №493 Қаулысы
26 Шілде 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №489 Қаулысы
26 Шілде 2021, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
26 Шілде 2021, 15:58
Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 19:40
Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 млн доза вакцина салынды — ҚР ДСМ
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.