Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Бейсенбі, 02 Мамыр 2019, 09:26:00

Жиынға зиялы қауым, ардагерлер мен кәсіподақ ұйымдары, жастар өкілдері, мәслихат депутаттары және өңірдің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Жетісу жерінің тарихи тамыры терең екенін атап өтіп, облыстың қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы өңірді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

«Бүгінде Жетісу аймағы жоғары қарқынмен дамып келеді және ауыл шаруашылығы өндірісі көлемі жөнінен көш басында. Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі еліміздегі ең жоғары – 86%. Алматы облысы адам капиталы жөнінен Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда. Олар – еліміздің дамуына өз үлесін қосып жатқан өздеріңіз сияқты жас мамандар, кәсіпкерлер, ақын-жазушылар мен еңбек ұжымдарының өкілдері», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерге назар аударды.

«Басқа өңірлердегі сияқты Алматы облысында бұрынғыша ауызсумен қамтамасыз ету проблемасы бар. Әкімдік елді мекендердің перспективті дамуын есепке алып, сумен қамту жүйесінің құрылысы мен қайта жөндеу жөнінде кесте жасап, жұмыстарды жүргізуі қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемаларына тоқталып, Үкіметке және облыс әкімдігіне 2021 жылға дейін мектеп құрылысына қатысты мәселені шешуді тапсырды.

«14 мектептің құрылысына 2018-2019 жылдары республикалық бюджеттен 15,4 млрд теңге бөлінді. Бірақ, аймақ тағы да 20 мектепке зәру болып отыр. Бұл үшін 2020-2021 жылдары 29 миллиард теңге бөлу керек. Бұл менің тапсырмам», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы облыста дәрігерлердің жетіспейтіндігін атап өтіп, медициналық қызмет көрсету сапасының төмендегенін айтты. Сонымен қатар, жас мамандарды қаладан ауылға көшіру үшін ынталандырып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында жас кадрларды жұмысқа қабылдау үшін жағдай жасау керектігін айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарды баспанамен қамту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Баспана кезегінде әлі күнге дейін 41 мың адам тұр. Оның 11 мыңы – бірінші кезекте мәселелері шешілуі тиіс тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар. Жас мамандар мен жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізу қажет. Әкімдік жас мамандарды баспанамен қамту үшін өзге өңірлердің үлгісімен "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны жабатын тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін іске қосуы қажет», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына қажетті жерлерді мақсатты пайдалану, суармалы жүйелерді модернизациялау мен суармалы жүйелерді қалпына келтіру сияқты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жер учаскелерін бөлу және оларды тиімді пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету ісінде облыстың агроөнеркәсіп кешенін қолдау үшін көліктік қызметтерге тарифтерді төмендету керектігін атап өтті. 

«Тағы бір маңызды мәселе – Жетісудың туристік индустриясын дамыту. Өңір еліміз үшін туризм орталығы ретінде кеңінен танылды. Бұл жерде туристерді тартатын негізгі орын – емдік қасиетімен аты шыққан Алакөл көлі. Өткен жылы ғана 2 миллион адам демалып, туристер саны 20 пайызға өскен. Алайда қызмет көрсету сапасы, көліктік, қонақ үй инфрақұрылымы сын көтермейді. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, шипажай аймағының инфрақұрылымын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті аймақтың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше тоқталып, жергілікті жолдардың сапасын арттырудың маңызды екенін атап өтті.

«Алматы облысы – стратегиялық аймақ. Еліміздің маңызды көлік торабы мен логистикалық орталығы болу үшін облыстың әлеуеті жеткілікті. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомобиль магистралі құрылысының аяқталуына байланысты Алматы облысы Азия мен Еуропаның арасын жалғайтын көлік қозғалысы үшін қақпаға айналды. Сонымен қатар, облыс жолдарының 22 пайызы сын көтермейтін болғандықтан, бұл өзекті мәселе болып отыр. Облыс әкіміне аталған мәселемен жүйелі түрде айналысып, тозығы жеткен жолдарды біртіндеп қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеуді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында мемлекеттік наградалар еңбек адамдарына, әсіресе ғалымдар, құрылысшылар, қарапайым жұмысшыларға берілуі керек екенін атап өтті.  

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқаны үшін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Келемсейітті, «Хильниченко и К»  серіктестігінің басқарма басшысы В. Хильниченконы, «Алматы көпсалалы ауруханасының» бөлім меңгерушісі Е. Кенжебековті және №40 орта мектебі директорының орынбасары А. Ибраимованы алғыс хаттармен марапаттады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Маусым 2021, 12:58
Қарағанды облысында ШОБ үлесі жыл сайын артып келеді —  Ж. Қасымбек
25 Маусым 2021, 12:51
Ж. Қасымбек: Моноқалалардағы экономика құрылымын әртараптандыру қажет
25 Маусым 2021, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №428 Қаулысы
24 Маусым 2021, 19:37
Мемлекет басшысы «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады
24 Маусым 2021, 16:45
Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді 
24 Маусым 2021, 16:11
Үкіметтің жүйелі қолдау шараларының арқасында Қазақстанда қой шаруашылығы саласының өсу көрсеткіштері 12% жетті
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.