Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді

Жұма күні, 4 қыркүйекте, сағат 10:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов;
  • ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов;
  • ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kz, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және «Хабар 24» телеарнасынан көре аласыздар. 

Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды адресіне жолдауға болады. 
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу