26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

  • Халықты жұмыспен қамту шаралары.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау 25 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.

Әрбір БАҚ: телевизиялық арнадан – 1 телеоператорды және 1 журналисті, ақпарат агенттігінен – 1 журналисті, баспасөз басылымынан – 1 журналисті аккредитациялай алады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу