25 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 25 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • ҚР 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы;

  • Егін жинау жұмысының барысы.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kz, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу