01 Тамыз 2022, 13:03
Сейсенбі күні, 2 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал;
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет отырысы онлайн режимде өтеді.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу