18 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Дүйсенбі күні, 18 қарашада, сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: 

  • «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы; 
  • Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы мәселелері. 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу